Ж.Жабаев атындағы № 161 лицейдің «Даналық мектебі» клубының жұмысын ұйымдастыру жоспары жүргізілуі бойынша АНЫҚТАМА
Ж.Жабаев атындағы № 161 лицейдің «Даналық мектебі» клубының жұмысын ұйымдастыру жоспары жүргізілуі бойынша
АНЫҚТАМА
Клуб жиыны: Аға қамқорлығы
Тақырыбы: : «Жирен жаман әдеттен»
Мақсаты: Іні-қарындастарын жаман әдеттен аулақ ұстау ағалардың ісі
екенін түсіндіру
Міндеттері:
1. Ағалық міндеттің, жауапкершіліктің мағынасын ашу.
2. Ырым-тыйымдар арқылы жаман әдеттерден аулақ болуға шақыру
3. Жеткіншектердің бойына ізгі қасиеттерді ағалардың сіңіретінін
түсіндіру
Ұлттық құндылық:
«Бес нәрседен қашық бол...
Бес нәрсеге асық бол...» Абай
Сыныбы: 8-сыныптар
Өтілген мерзімі: 08.01.2025жылы
Қатысқан ата-аналар саны: 30
Сынып жетекшісі: Н.Башар, Ж.Имангазина, М.Тунгушбаев
8-қаңтар 2025 жыл 8- сынып оқушыларына «Даналық мектебі» клубының жұмысын ұйымдастыру жоспары жүргізілуі бойынша аға қамқорлығы клубы «Жирен жаман әдеттен» тақырыбында ата-аналармен дәріс болып өтті. Дәріс 8 А, 8 Ә, 8 Б сыныптар арасында сайыс түрінде жүргізілді. Сайысқа үш сыныптан 3 ағадан 9 аға келіп қатысты. Сайыстың кезеңдері:
1. «Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені» - таныстырылым кезеңі
2. «Сұрақ-жауап» сайысы
3. «Тығырықтан жол табу» сайысы – жағдаяттан шығу
4. «Біз оқыған бір кітап» сайысы. Оқыған кітабынан мағыналы түйінін
анықтау, көзқарасын білдіру.
5. «Мен ініме не үйреттім?» - ағасы өз іні,қарындастарына не үйреткенін,
қандай дағдылар мен іс-әрекеттерге баулығанын көрсету сәті.

