Ж.Жабаев атындағы № 161 лицейдің «Даналық мектебі» клубының жұмысын ұйымдастыру жоспары жүргізілуі бойынша АНЫҚТАМА
Клуб жиыны: Ата өсиеті
Тақырыбы: «Туыстық қарым-қатынас – баға жетпес байлық»
Мақсаты: Туыстық қарым-қатынастың маңыздылығын дәріптеу.
Міндеттер:
- Туыстық атаулардың мағынасын ашу
- Ағайын, туыс арасындағы татулықты сақтау жолдарын түсіндіру
- Туыстық қарым-қатынасқа атаның жауапты екеніне назар аударту
Ұлттық құндылық:
Туыс адамдар арасындағы татулық
Сыныбы: 5-сыныптар
Өтілген мерзімі: 20.09.2024жылы
Қатысқан оқушылар саны: 41
Шақырылған ата-ана: 25
Сынып жетекшісі: Кенжебекова Алтынай Бақытбекқызы, Ербол Мадина
20-қыркүйек 5- сынып оқушыларына «Даналық мектебі» клубының жұмысын ұйымдастыру жоспары жүргізілуі бойынша Ата өсиеті клубы «Туыстық қарым-қатынас – баға жетпес байлық» тақырыбында әже, аталармен кездесу болып өтті.
Жиынға 5-сыныптың ата-аналары, әже, аталары қатысып, бүгінгі кездесуде «шежіре» мәселесінің мағынасы ашылып, маңызы түсіндірілді, қан тазалығын ұлт болашағына әсер ететіндігі мен әулет тарихын білу мәні түсіндірілді. Қорытындылай келе рефлексия жасалып, пайдалы ұсыныстар айтылып, сұрақтартар қойыылып оған тиісті жауаптары берілді.

