09.02.2026ж.- 19.02.2026ж. «Ұлт рухы – тіл мен шежіреде»
09.02.2026ж.- 19.02.2026ж.аралығында қоғамдық- гуманитарлық пәндер бірлестігінің онкүндігі өтті. Онкүндіктің ашылу салтанаты « Қазақ поэзиясының Хантәңірі» М.Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына орай әдеби кешпен басталды. Оқушылар ақынның ең танымал өлеңдерін жатқа оқыды. Әсіресе, туған жер, ана және махаббат туралы жырлары айтылғанда залдағы халық ерекше әсер алды.Мұқағалидың сөзіне жазылған «Есіңе мені алғайсың», «Сәби болғым келеді» сияқты әндер шырқалып, кештің көркін қыздырды. Ақынның