Ж.Жабаев атындағы № 161 лицейдің ата-аналарды педагогикалық қолдау жұмыс жоспарының жүргізілуі бойынша АНЫҚТАМА
Ж.Жабаев атындағы № 161 лицейдің ата-аналарды педагогикалық қолдау жұмыс жоспарының жүргізілуі бойынша
АНЫҚТАМА
Тақырыбы: «Тұлғаның қалыптасуы тәуелсіздікке құқық»
Сабақтың мақсаты: баланың тәуелсіздігі мен өзіне деген сенімділігін
қалыптастыруға ата-аналардың дайындығын қалыптастыру.
Міндеттері:
1. ата аналардың баланың өмірлік жетістігінің шарты ретінде тәуелсіздігін
қалыптастыруға деген ұмтылысын дамыту;
2. жасөспірімнің ата-анасынан дер кезінде қиындықсыз бөлініп шығуының
мәні мен психологиялық аспектілері туралы ата-аналардың түсініктерін
кеңейтуге ықпал ету;
3. ата-аналардың бөлініп шығу үдерісінде жасөспірімді қолдаудың
практикалық дағдыларын игеруіне ықпал ету.
Ұлттық құндылықтар: әділеттілік және жауапкершілі
Сыныбы: 10-11 сынып
Өтілген мерзімі: 08.01.2025 жылы
Сынып жетекшісі: 5-6 сыныптың жетекшілері
Қатысқан ата-аналар саны: 30
Сабақтың барысы:
Лицей психологы М.Ербол ата-аналармен сәлемдесіп «Ассоциация» жаттығуы арқылы ата-аналармен танысып сабақты бастады. Ата-аналар 3 топқа бөлінеді, мәтінмен жұмыс жасалды. Ата-аналар өз ойларын анық жеткізе білді. Мәтінді бар ынтамен орындай білді. Тақырыпты толығырақ түсіндіру үшін «Бао» қысқаметражды мультфильмін көрсетіп талдау жүргізілді. Кейстерді талданды, рефлексия жүргізілді. Ғылымилығы өте жоғары әрі құнды дәріс болды. Дәріс соңында ата-аналар М.Ерболға жылы лебізін білдіріп, алғысын айтты.
