Ж.Жабаев атындағы № 161 лицейдің «Даналық мектебі» клубының жұмысын ұйымдастыру жоспары жүргізілуі бойынша АНЫҚТАМА
Ж.Жабаев атындағы № 161 лицейдің «Даналық мектебі» клубының жұмысын ұйымдастыру жоспары жүргізілуі бойынша
АНЫҚТАМА
Клуб жиыны: Әже даналығы
Тақырыбы: : «Өнегелі өмір»
Мақсаты: Өлкеміздегі жетістік пен табысқа жеткен адамның өмір жолын өскелең ұрпаққа өнеге ету.
Міндеттері:
- Әжелерге танымал адамдарға еліктеудің сырын түсіндіру
- Өз ісінің шебері болудың құпиясын ашу.
- Немерелеріне табысты адамдарды үлгі ету
Ұлттық құндылық:
Салт-дәстүр, мәдениет, дін, тіл.
Сыныбы: 7-сыныптар
Өтілген мерзімі: 20.12.2024жылы
Қатысқан ата-аналар саны: 58
Сынып жетекшісі: Г.Н.Кенжембетова, М.Ж.Жұмақанова, Ш.Ш.Сатенова
20-желтоқсан 7- сынып оқушыларына «Даналық мектебі» клубының жұмысын ұйымдастыру жоспары жүргізілуі бойынша әже даналығы клубы «Өнегелі өмір» тақырыбында ата-аналармен кездесу болып өтті. Кездесуде оқушылар ата-аналарына арнап өлең шумақтарды мәнерлеп оқып жүрекке жеткізе білді. «Ана», «Әке», «Асыл әжем» әндері орындалып, «Хорезм», «Қазақ биі» және үнді биін билеп ата-аналарға арналған оқушылардың шығармашылығымен керемет концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Жиын соңында ата-аналар лицей ұжымына және сынып жетекшілерге алғыс айтып жылы лебіздерін білдірді.



