Ж.Жабаев атындағы № 161 лицейдің «Даналық мектебі» клубының жұмысын ұйымдастыру жоспары жүргізілуі бойынша АНЫҚТАМА
Ж.Жабаев атындағы № 161 лицейдің «Даналық мектебі» клубының жұмысын ұйымдастыру жоспары жүргізілуі бойынша
АНЫҚТАМА
Клуб жиыны: Ата өсиеті
Тақырыбы: : «Ата кәсіп – берекенің бастауы»
Мақсаты: Мамандық таңдауда ата ақылының маңыздылығын түсіндіру
Міндеттері:
- Мамандық таңдаудың негізгі шарттарын таныстыру
- Мамандық таңдауда баланың бойындағы қасиетіне қарай оң шешім қабылдауға жетелеу
- Мамандық таңдауда назар аударатын кей мәселелермен таныстыру.
Ұлттық құндылық:
«Алуан-алуан кәсіп бар, таңдай біл де, талап қыл!»
Сыныбы: 5-сыныптар
Өтілген мерзімі: 18.10.2024жылы
Қатысқан ата-аналар саны: 41
Сынып жетекшісі: Кенжебекова Алтынай Бақытбекқызы, Ербол Мадина
18-қазан 5- сынып оқушыларына «Даналық мектебі» клубының жұмысын ұйымдастыру жоспары жүргізілуі бойынша әже даналығы клубы «Ата кәсіп – берекенің бастауы» тақырыбында ата-аналармен кездесу болып өтті. Жиынға 5-сыныптың ата-аналары қатысып оқушылардың «Кім боламын?», «Қай мамандықты таңдайсың?» деген сұрақтар бойынша алынған хатты оқып танысты және әр балаға «Өз таңдауыммен» мамандық таңдау керектігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар мамандық таңдауға 7 кеңес, кері байланыс жасалды. Жиын соңында ата-аналар лицей ұжымына және сынып жетекшілерге алғыс айтып жылы лебіздерін білдірді.


