Жыр алыбы Жамбылдың 180 жыл толуына орай «Тыңда, дала, Жамбылды»
27.02.2026ж Ж.Жабаев атамыздың туғанына 180 жыл толуына орай мерекелік кеш өткізілді. Бүгінгі кеш, басқа кештерден өзгеше, өйткені қазақ «Сөз қадірін - өз қадірім» деп білген халық. Кеңдігін де, елдігін де кемеңгерлігі мен көсемдігін де, сөзге сыйғызған халық. Бітпес даудың, бәтуасыз шудың кесімі де, шешімі де сөз болған. Сондықтан да сөзден өткен күш, сөзден өткен құдірет жоқ. Сондай даралық сөз тудырған, суырып салма ақынымыз Жамбыл Жабаевтың туғанына биыл 180 жыл толды. Жамбыл Жабаевтың