Алматы қаласы Білім басқармасының
«Жамбыл Жабаев атындағы №161 лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 273-39-44
Есепші бөлімі:
+7(727) 273-82-30
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ж.Жабаев атындағы № 161 лицейде Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 81 жыл толуына орай “Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды!” тақырыбында өткен іс-шара
08
май
2026

Ж.Жабаев атындағы № 161 лицейде Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 81 жыл толуына орай “Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды!” тақырыбында өткен іс-шара

08.05.2026 ж 9 «А», 9 «Ә», 9 «Б» сыныбының ұйымдастыруымен 9 Мамыр – Жеңіс күніне арналған “Ешкім де ешқашан да ұмытылмайды!” атты мерекелік іс-шара өткізілді. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батырларды еске алуға және олардың мәңгілік рухын құрметтеуге арналған мәдени іс-шара болды. Іс-шарада соғыс құрбандарын еске алу мақсатында бір минуттық үнсіздік жариялап, Б.Момышұлының өз дауысымен айтқан бейнеролик көрсетілді. 10 В сыныбы соғыс жылдарынан “Мәншүк” көрінісін қойып көпшіліктің назарына бөленді. 5 Б сыныбының оқушысы Доғдырхан Зейнұр “Әлия” әнін шырқап, 8,10 сынып оқушылары соғыс жылдарындағы өлеңдерді мәнерлеп оқыды, 9 Б сыныбының қыздары “Катюша” биін биледі. 5 А сынып оқушылары “Жігіттер” әнін шырқаса, 9 А сынып оқушылары “Синий платочек” биін билеп, 7 сынып оқушылары «Қазақтың барлыңы туычсқан». 7-сынып оқушылары “Патриоттық әндерден папури” атты хор орындады. Мерекелік іс-шара өте жоғары деңгейде өткізілді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: