Алматы қаласы Білім басқармасының
«Жамбыл Жабаев атындағы №161 лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 273-39-44
Есепші бөлімі:
+7(727) 273-82-30
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Есімхан Қанағатов атындағы қалалық физика олимпиадасы”
13
апрель
2026

“Есімхан Қанағатов атындағы қалалық физика олимпиадасы”

📢 ХАБАРЛАНДЫРУ
“Есімхан Қанағатов атындағы қалалық физика олимпиадасы”

Алматы қаласының мектеп оқушылары арасында “Есімхан Қанағатов атындағы қалалық физика олимпиадасы” өтетінін хабарлаймыз.

🎯 Олимпиаданың мақсаты

Жаратылыстану бағыты бойынша дарынды оқушыларды анықтауға және қолдауға жағдай жасау.

📌 Міндеттері
ғылыми-жаратылыстану бағыттарын, соның ішінде атом энергетикасы мен космостық технологияларды насихаттау;
оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылығын арттыру;
«құнды білімнен құтты білікке» қағидатын қалыптастыру;
оқушылардың интеллектуалдық дамуына қолайлы орта қалыптастыру;
теориялық білім мен практикалық дағдыларды тереңдету;
Қазақстанда ғылыми білімнің беделін арттыру және кеңінен насихаттау.
🏫 Ұйымдастырушылар
Жамбыл Жабаев атындағы №161 лицей
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факультеті
👥 Қатысушылар :  Алматы қаласы мектептерінің 9–11 сынып оқушылары.

📅 Өткізу мерзімі
І кезең – 18 сәуір 2026 жыл
ІІ кезең – 25 сәуір 2026 жыл
🧪 Олимпиада кезеңдері

Олимпиада екі кезеңнен тұрады:

І кезең (іріктеу):

Тест форматында өтеді
Өтетін орны: №161 лицей

ІІ кезең:

Есеп шығару кезеңі
Өтетін орны: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факультет




Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: