Алматы қаласы Білім басқармасының
«Жамбыл Жабаев атындағы №161 лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 273-39-44
Есепші бөлімі:
+7(727) 273-82-30
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жыр алыбы Жамбылдың 180 жыл толуына орай «Тыңда, дала, Жамбылды» тақырыбында өткен әдеби-сазды кеш
27
февраль
2026

Жыр алыбы Жамбылдың 180 жыл толуына орай «Тыңда, дала, Жамбылды» тақырыбында өткен әдеби-сазды кеш

27.02.2026ж  Ж.Жабаев атамыздың туғанына 180 жыл толуына орай мерекелік кеш өткізілді. Бүгінгі кеш, басқа кештерден өзгеше, өйткені қазақ «Сөз қадірін - өз қадірім» деп білген халық. Кеңдігін де, елдігін де кемеңгерлігі мен көсемдігін де, сөзге сыйғызған халық. Бітпес даудың, бәтуасыз шудың кесімі де, шешімі де сөз болған. Сондықтан да сөзден өткен күш, сөзден өткен құдірет жоқ. Сондай даралық сөз тудырған, суырып салма ақынымыз Жамбыл Жабаевтың туғанына биыл 180 жыл толды. Жамбыл Жабаевтың туған күніне орай, ақын атындағы №161лицейде  «Тыңда, дала, Жамбылды» атты әдеби –сазды кеш өтті. Кеште ұстаздар оқушылардың әдеби-сазды қойылымын тамашалап, Жамбыл ізбасарларының айтысын тамашалады. Сондай-ақ кеште Жамбыл атамыздың әні шырқалып, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өлеңдері оқылды. Жамбылдың бейна ролигі  көрсетіліп, 11 «Б» сынып оқушылар «Атамекен» әнін шырқады. 7 «А» сынып ұлдары «Мен қазақтың ұлымын» әнін орындады. Тағы да бір жырдан шашу шашылып, Жамбыл жыры жас жеткіншектердің рухани әлемін байыта түсті. Кешті лицей директоры Т.Ш.Сарыбаева қорытындылады. Кеш Республика көлемінде ұйымдастырылды. Онлайн zoom платформасы арқылы Қарасай ауданы Жамбыл орта мектебі, Түркістан облысы Келес ауданы № 60 Жамбыл атындағы орта мектеп қатысып оқушылардың өнерін тамашалады.



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: