Алматы қаласы Білім басқармасының
«Жамбыл Жабаев атындағы №161 лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 273-39-44
Есепші бөлімі:
+7(727) 273-82-30
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Рухани бай, функционалды сауатты ұрпақ – ел болашағы
27
март
2026

Рухани бай, функционалды сауатты ұрпақ – ел болашағы

Рухани бай, функционалды сауатты ұрпақ – ел болашағы

Қазіргі білім беру жүйесінің басты мақсаты – тек білімді ғана емес, сонымен қатар рухани құндылықтарды бойына сіңірген, өмірде өз орнын таба алатын функционалды сауатты тұлға қалыптастыру. Осы бағытта наурыз айында әдістемелік бірлестіктің №4 кеңесі «Рухани бай, функционалды сауатты ұрпақ – ел болашағы» тақырыбында өткізілді.

Аталған кеңес аясында бірқатар маңызды іс-шаралар ұйымдастырылып, мұғалімдердің кәсіби тәжірибе алмасуына кең мүмкіндік жасалды. Соның бірі – қоғамдық-гуманитарлық пәндер мұғалімдерінің «Ұлт рухы – тіл мен шежіреде» тақырыбындағы онкүндігі. Бұл іс-шара барысында ұстаздар ұлттық құндылықтарды дәріптеу, тіл мен тарихтың маңызын түсіндіру бағытында өзара тәжірибе алмасып, шығармашылық жұмыстар ой бөлісті.

Сонымен қатар «Жасанды интеллект және цифрлы дәуір» тақырыбында шығармашылық топ ұстаздарының апталығы өткізілді. Бұл апталықта педагогтер заманауи білім беру технологияларын, цифрлы құралдарды тиімді пайдалану жолдарын талқылап, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Жасанды интеллекттің білім беру саласындағы мүмкіндіктері кеңінен қарастырылып, оның оқыту үдерісіне енгізілу жолдары сөз болды.

Кеңес барысында «Функционалды сауаттылық: рухани негіздегі білім берудің мектептегі көрінісі» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Семинарда оқушылардың функционалды сауаттылығын дамытудағы мұғалімнің рөлі, білім берудің рухани негіздері және оларды сабақ барысында тиімді қолдану тәсілдері талқыланды. Педагогтер өз тәжірибелерінен мысалдар келтіріп, нақты әдіс-тәсілдермен бөлісті.

Сондай-ақ «Оқушының өмірге бейімділігін арттырудағы рухани және функционалдық бағдар» тақырыбында баяндама тыңдалды. Баяндамашы өз тәжірибесінде оқушылардың өмірлік дағдыларын қалыптастыру, оларды қоғамға бейімдеу жолдарын көрсетіп, тиімді әдістерімен бөлісті.

Қорытындылай келе, өткізілген әдістемелік кеңес мұғалімдердің кәсіби дамуына серпін беріп, функционалды сауаттылықты дамыту мен рухани құндылықтарды білім беру үдерісіне енгізудің маңыздылығын тағы бір мәрте айқындады. Осындай жүйелі жұмыстардың нәтижесінде білімді, бәсекеге қабілетті, рухани бай ұрпақ тәрбиелеу жолында нақты қадамдар жасалуда.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: