Алматы қаласы Білім басқармасының
«Жамбыл Жабаев атындағы №161 лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 273-39-44
Есепші бөлімі:
+7(727) 273-82-30
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ж.Жабаев атындағы № 161 лицейдің ата-аналарды педагогикалық қолдау жұмыс жоспарының жүргізілуі бойынша АНЫҚТАМА
28
февраль
2026

Ж.Жабаев атындағы № 161 лицейдің ата-аналарды педагогикалық қолдау жұмыс жоспарының жүргізілуі бойынша АНЫҚТАМА

Тақырыбы: 5-9 сыныптарда «Бүгінгі жасөспірім: қауіптің белгілері және қорғану тәсілдері», 10-11 сыныптарда «Цифрлық әлемдегі жасөспірімнің қауіпсіздігі мен жауапкершілігі» 

Сабақтың мақсаты:Ата-аналардың цифрлық қауіпсіздік саласындағы функционалдық құзыреттерін дамыту, бұл жасөспірімдерді онлайн ортада тиімді қолдап, қорғауға мүмкіндік береді.


 
Сыныбы: 5-9 сынып,  10-11 сынып

Өтілген мерзімі: 28.02.2026 жылы

Сынып жетекшісі: 5-11 сыныптың жетекшілері 

Қатысқан ата-аналар саны: 128

Сабақтың барысы:

ДТЖЖО: Ж.П.Амирова және СЖӘБ жетекшісі А.С.Абдикаимова 5-9 сыныптың ата-аналарына жасөспірімдердің күнделікті өмірінде кездесуі мүмкін қауіптерді түсіндірді. Оған интернеттегі қауіптер, буллинг, зиянды әдеттер, бейтаныс адамдармен қарым-қатынас, психологиялық қысым сияқты жағдайлар жататынын айтып өтті. Сондай-ақ ата-аналарға балаларына қауіпті жағдайлардың белгілерін ерте байқауды үйрету, дұрыс шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру және өзін-өзі қорғау, қауіпсіз мінез-құлық ережелерін меңгерту керектігін үйде қайталап үнемі айтуын тапсырды.  Сонымен қатар 10-11 сыныптың ата-аналарына цифрлық ортада (интернет, әлеуметтік желілер, онлайн платформалар) жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың жауапкершілікті мінез-құлқын қалыптастыру мәселелерін талқылады. Оқушыларға жеке деректерді қорғау, кибербуллингтен сақтану, жалған ақпаратты ажырату, авторлық құқықты сақтау және интернеттегі этика туралы түсінік берілді. Дәріс соңында ата-аналармен кері байланыс жасалды. Ата-аналар лицейге  жылы лебізін білдіріп, алғысын айтты.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: