1-қыркүйек Білім күніне арналған «Мектебім-мейірім мекені»
Ж.Жабаев атындағы № 161 лицейде 1-қыркүйек Білім күніне арналған «Мектебім-мейірім мекені» тақырыбында өткен іс-шара анықтамасы 01.09.2025ж «Мектебім-мейірім мекені» тақырыбында Білім күніне арналған салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты іс-шараның мақсаты: жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында білім алушылардың бойында білімнің басымдылығы мен маңыздылығын және жағымды көңіл-күй, оң көзқарас қалыптастыру. Сап түзеу ҚР мемлекеттің Туын салтанатты енгізу рәсімімен басталып, Гимн орындалды.