Ата-аналарды педагогикалық қолдау
Ж.Жабаев атындағы № 161 лицейдің ата-аналарды педагогикалық қолдау жұмыс жоспарының жүргізілуі бойынша
АНЫҚТАМА
Тақырыбы: ҚАУІПСІЗДІК ПЕН СЕНІМНІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАЙМЫЗ
Мақсаты: қауіпсіз қарым-қатынас пен ұйымшылдық үшін жағдай жасау,
топта сенім мен жайлылықтың негізін қалау.
Міндеттері:
- қатысушыларды бір-бірімен таныстыру;
- ойын жаттығулары арқылы жасөспірімдерді топ жұмысына тарту;
- эмоционалды реакциялар мен қауіпсіздік сезімдері туралы негізгі түсінік
беру.
Сыныбы: 6-сынып
Өтілген мерзімі: 15.09.2025 жылы
Сынып жетекшісі: Г.Бейсекова, Н.Алменова
Қатысқан бала саны: 50
15-қыркүйек ата-аналарды педагогикалық қолдау жұмыс жоспарының жүргізілуі бойынша ДТЖЖО: Ж.П.Амирова және лицей психологы: М.Ербол «Қауіпсіздік пен сенімнің негізін қалаймыз» тақырыбында 6-сынып оқушыларына 1 кездесу өткізілді. Кездесу барысында қауіпсіздік рәсімі 10 минут, тыныс алу жаттығулары, талқылау сұрақтары болды. Сонымен қатар «Өзгерістер желі» жаттығуы, «Көрінбейтін байланыс» жаттығуын жүргізді. Балаларға нұсқаулықпен таныстырып, талқылау сұрақтары қойылды. Тренинг соңында лицей психологы М.Ербол кері байланыс жасап оқушылардың көңіл күйімен бөлісіп, бір-біріне сәттілік жолдатты. Кесдесу сабақ өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Балалар ұсыныс ретінде осылай жиі жолығуды сұрады.

