Алматы қаласы Білім басқармасының
«Жамбыл Жабаев атындағы №161 лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 273-39-44
Есепші бөлімі:
+7(727) 273-82-30
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ұлы – Жеңіске 80 жыл» тақырыбында өткізілген дөңгелек үстелдің анықтамасы
12
февраль
2025

«Ұлы – Жеңіске 80 жыл» тақырыбында өткізілген дөңгелек үстелдің анықтамасы

«Ұлы – Жеңіске 80 жыл» тақырыбында өткізілген дөңгелек үстелдің анықтамасы


12.02.2025ж 9 «А» сыныбымен тарих пәнінің мұғалімі Е.Нұртай «Ұлы- Жеңіске 80 жыл» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел барысында оқушылар соғыс жылдарындағы ерліктер, жеңіс жолындағы қазақстандықтардың рөлі, соғыс салдарынан болған қасіреттер мен жеңіс күніне деген құрмет төңірегінде пікірлерін ортаға салады. Дөңгелек үстелдің  мақсатыжастарға өткен тарихты түсіндіру, соғыс ардагерлерінің ерлігін ұлықтау, Ұлы Жеңістің маңызын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу.

Дөңгелек үстел аясында тарих пәнінің мұғалімі Е.Нұртай оқушыларға жеңіс оңай келмегендігін ата-бабаларымыздың ерлігімен келгендігі туралы толық мәлімет берді. Оқушылар арасында  сұрақ-жауап форматында пікірталас жүргізілді. Сонымен қатар, оқушылар түрлі материалдар, көрнекі құралдар немесе шығармашылық жұмыстар арқылы өз ойларын жеткізіп, тарихи шындықты талқылады. Шара патриоттық тәрбиені нығайтып, жеңіс күніне деген құрмет сезімін арттыруға бағытталған.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: