1-қыркүйек Білім күніне арналған «Мектебім-мейірім мекені» тақырыбында өткен іс-шара анықтамасы
Ж.Жабаев атындағы № 161 лицейде 1-қыркүйек Білім күніне арналған «Мектебім-мейірім мекені» тақырыбында өткен іс-шара анықтамасы
01.09.2025ж «Мектебім-мейірім мекені» тақырыбында Білім күніне арналған салтанатты жиын өткізілді.
Салтанатты іс-шараның мақсаты: жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында білім алушылардың бойында білімнің басымдылығы мен маңыздылығын және жағымды көңіл-күй, оң көзқарас қалыптастыру.
Сап түзеу ҚР мемлекеттің Туын салтанатты енгізу рәсімімен басталып, Гимн орындалды. Салтанатты жиынға Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары Айдос Асқарұлы мен Медеу аудандық Білім бөлімінің басшысы Ақнұр Оразханқызы қонақ болып, ұстаздар мен оқушыларға жылы лебізін білдіріп, ақ тілегін айтты. Сонымен қатар лицей директоры Сарыбаева Тұнық Шегебайқыз ұстаздар мен оқушыларды Білім күнімен құттықтап жылы лебізін білдірді. Оқушылар ән салып, би билеп өз өнерлерін көрсетті. 11-сыныптың үздік және 5-сыныптың үздік оқушылары Алғашқы қоңырауды соқты.
Сондай-ақ, бүгін Медеу аудандық білім бөлімінің қаулысымен осы лицейдің негізін қалаған Ұстаз, «ҚР Білім беру ісінің үздігі», «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің және «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Есімхан Баймұхамедұлы Қанағатов атындағы физика кабинеті ашылды. Салтанатты шараға Есімхан ағаның отбасы, туыстары, шәкірттері және ардагер ұстаздар қатысты. Кабинеттің лентасын аудан әкімінің орынбасары Айдос Асқарұлы мен Есімхан ағаның бауыры Нұрмұхамед Телмұхамедұлы қиды. Ағайдың көзін көрген, қызметтес болған ардагер ұстаздар естеліктер айтты, жылы лебіздерін білдірді. Есімхан Қанағатовтың жары Мағиза Ақанқызы аудан басшыларына, лицей ұжымына Есімхан Баймұхамедұлының есімін есте қалдыру мақсатында атқарылып жатқан осы игілікті іске жүрек жарды алғысын айтты.




