Ж.Жабаев атындағы № 161 лицейінде ата-аналарды педагогикалық қолдау жұмыс жоспарының жүргізілуі бойынша АНЫҚТАМА
Тақырыбы: Жасөспiрiмнiң ұйқысы мен психикалық денсаулығы
Мазмұны:
1. Дұрыс ұйқының маңыздылығын түсіну.
2. Ұйқының дене және психикалық жағдайына әсері.
3. Неліктен төсекке бармас бұрын демала білу және оның ұйқы сапасына қалай әсер ететіні маңызды.
4. Ұсыныстар: Жақсы демалу үшін төсек алдында тыныш атмосфераны қалай жасауға болады
Сыныбы: 10-11 сыныптар
Өтілген мерзімі: 20-қыркүйек
Сынып жетекшісі: 10-11 сынып жетекшілері
Қатысқан ата-аналар саны: 150
20-қыркүйек ата-аналарды педагогикалық қолдау жұмыс жоспарының жүргізілуі бойынша «Жасөспiрiмнiң ұйқысы мен психикалық денсаулығы» тақырыбында 10-11 сынып ата-аналарына жаттығу сабақтары өткізілді. Сабаққа сыныптардың 150 ата-анасы қатысты. Сабақ барысында ата-аналарды жасөспірімнің ұйқыға қатысты пайдалы әдеттерін дамытуға ынталандыруы, ұйқының жасөспірімдердің психологиялық және
эмоционалдық жағдайына әсері туралы және балаларына ұйқы сапасын жақсартуға көмектесу үшін практикалық дағдыларды дамыту керектігі айтылды.
Қорытындылай келе, рефлексия жасалып, пайдалы сұрақтар қойылып оған тиісті жауаптары берілді.