Ж.Жабаев атындағы № 161 лицейдің ата-аналарды педагогикалық қолдау жұмыс жоспарының жүргізілуі бойынша АНЫҚТАМА
Тақырыбы: «Тәжірибені ұғыну және ішкі күш»
Сабақтың мақсаты: ата-аналарға эмпатияны дамытуға, жасөспірімдермен
өзара түсіністік пен тиімді қарым-қатынас орнатуға көмектесу.
Міндеттері:
1. Ата-аналарды жасөспірім балалардың даму және мінез-құлық
ерекшеліктерімен таныстыру.
2. Ата-аналарды жасөспірімнің мінез-құлқының уәждері мен
себептерін түсінуге және онымен сенімді қарым-қатынас орнатуға ынталандыру.
3. Жасөспіріммен эмпатия, өзара түсіністік қарым-қатынасын орнату
және позитивті қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
Өтілген мерзімі: 15.01.2026ж 5-8 сыныптар, 16.01.2026ж 9-11 сыныптар
Сынып жетекшісі: 5-11 сыныптың жетекшілері
Қатысқан ата-аналар саны: 500
Сабақтың барысы:
АҚПО аясында өткізілген «Тәжірибені ұғыну және ішкі күш» тақырыбындағы тренинг туралы жан-жақты ақпарат тыңдалды. Тренингтің негізгі мақсаты – ата-аналар мен оқушылардың өз-өзін тануын дамыту, ішкі ресурстарын анықтау, өмірлік қиындықтарға төтеп беру қабілетін қалыптастыру екендігі айтылды.Тренинг барысында өзін-өзі бағалауды арттыру, жағымды ойлау, эмоцияларды басқару, стрессті жеңу әдістері қолданылғаны атап өтілді. Қатысушылар тренингтің тиімділігін атап өтіп, мұндай іс-шаралардың бала тәрбиесінде маңызды рөл атқаратынын жеткізді. Алдағы уақытта осындай тренингтерді жүйелі түрде өткізу ұсынылды.
