Ж.Жабаев атындағы № 161 лицейдің ата-аналарды педагогикалық қолдау жұмыс жоспарының жүргізілуі бойынша АНЫҚТАМА
Ж.Жабаев атындағы № 161 лицейдің ата-аналарды педагогикалық қолдау жұмыс жоспарының жүргізілуі бойынша
АНЫҚТАМА
Тақырыбы: «Шығармашылықты ынталандыру»
Сабақтың мақсаты: ата-аналарға эмпатияны дамытуға, жасөспірімдермен
өзара түсіністік пен тиімді қарым-қатынас орнатуға көмектесу.
Міндеттері:
1. Ата-аналарды жасөспірім балалардың даму және мінез-құлық
ерекшеліктерімен таныстыру.
2. Ата-аналарды жасөспірімнің мінез-құлқының уәждері мен
себептерін түсінуге және онымен сенімді қарым-қатынас орнатуға ынталандыру.
3. Жасөспіріммен эмпатия, өзара түсіністік қарым-қатынасын орнату
және позитивті қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
Ұлттық құндылықтар мен жеке қасиеттер:
Әділдік, жауапкершілік және ынтымақтастық.
Сыныбы: 5-6 сынып
Өтілген мерзімі: 06.01.2025 жылы
Сынып жетекшісі: 5-6 сыныптың жетекшілері
Қатысқан ата-аналар саны: 30
Сабақтың барысы:
Ата-аналарды «Атомдар мен молекулалар» ойынының көмегімен 3 топқа бөлінді. Жасөспірімнің портреті бойынша топтық жұмыс жасалды. Дәріс барысында физиологиялық өзгерістер, психологиялық аспектілері айтылып, Кейстерді талдау жасалды. «Түсін» атты видео ролик көрсетіліп талқылау болды. «Сезімдер тостағаны» жаттығуы орындалды. Рефлексия болды. Дәріс соңында ата-аналар алғысын айтып, тілек білдірді.
