Ж.Жабаев атындағы № 161 лицейдің ата-аналарды педагогикалық қолдау жұмыс жоспарының жүргізілуі бойынша АНЫҚТАМА
Ж.Жабаев атындағы № 161 лицейдің ата-аналарды педагогикалық қолдау жұмыс жоспарының жүргізілуі бойынша
АНЫҚТАМА
Тақырыбы: «Шығармашылықты ынталандыру»
Сабақтың мақсаты: жас ұрпақты креативті ойлауға бейімдеудің тиімді
жолдарын ұсыну.
Сабақтың міндеті:
1. 10-11-сынып оқушыларының креативті ойлауын дамытудың тиімді
әдіс-тәсілдерін ұсыну;
2. Креативті ойлауды меңгертуде қолданылатын дәстүрлі әдістер мен
инновацияны тоғыстырған амал-тәсілдерді көрсету;
3. Креативті ойлау дағдыларын қалыптастыруда нақты әдістер мен
стратегияларды игеру.
Ұлттық құндылықтар мен жеке қасиеттер: шығармашылық ойлау
арқылы жаңа идеялар , концепциялар ойлап табуға бейімділік
Сыныбы: 10-11 сынып
Өтілген мерзімі: 26.12.2024 жылы
Сынып жетекшісі: 10-11 сыныптың жетекшілері
Қатысқан ата-аналар саны: 143
Сабақтың барысы:
I. Кіріспе бөлім
·Жоғары сынып оқушыларының жетістіктеріндегі креативті ойлаудың
маңыздылығы
·Ақпараттық блок
II. Негізгі бөлім
· «Достармен кездесу уақыты» жаттығуы
·Жеке жұмыс "Биопоэма" әдісі
·Топтық жұмыс «2К» әдісі
·Креативті ойлауды дамытуға ықпал ететін дағдылар
·Креативтілікке апаратын жол:әдістер мен тәсілдер
III. Қорытынды бөлім
·Креативті ойлауды дамытатын практикалық кеңестер
Сабақ барысында ата-аналарға «Биографиялық поэма» (Биопоэма) параққа жазылып, өзі туралы мынандай сауалдарға жауап беру тапсырылады:
Есімім (Өз есіміңізді жазыңыз) Мен қандаймын? (Өзіңізді сипаттайтын үш сын есім жазыңыз). Сүйікті іс-әрекеттерім (Қол боста айналысуды құмартатын үш әрекетіңіз, хобби), Неден қорқамын, сескенемін? (Өмірдегі қорқыныш пен қауіптеріңіз), Өмірлік қағидам (кредо) (Өмірде ұстанатын басты қағидаңыз, ұраныңыз), Сүйікті ақын-жазушыларым (Қандай ақын жазушыларды ұнатасыз?) ата-аналар тапсырманы орындап қалаулары бойынша оқып шықты. Сонымен қатар «Біз де», «Домино», «Сиқырлы цифр» ойындары ойнатылды. Сабақ соңында лицей психологы М.Ерболға ата-аналар кері байланыс ретінде жүрекшеге жылы лебіздерін жазып, сонымен қатар оқып үлкен жүрекшеге жапсырды.


