2023-2024 оқу жылы объектілердегі тамақтану жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар негізінде асханада сатуға тыйым салынған тағамдар туралы » Школа-гимназия №161 г. Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 273-39-44
Есепші бөлімі:
+7(727) 273-82-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2023-2024 оқу жылы объектілердегі тамақтану жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар негізінде асханада сатуға тыйым салынған тағамдар туралы
01
сентябрь
2023

2023-2024 оқу жылы объектілердегі тамақтану жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар негізінде асханада сатуға тыйым салынған тағамдар туралы

2023-2024 оқу жылы объектілердегі тамақтану жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар негізінде асханада сатуға тыйым салынған тағамдар туралы


ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы  «Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық   талаптар» № ҚР ДСМ -76 бұйрығының 7 тарауын негізге ала отырып БҰЙЫРАМЫН:

  1. Лицей асханасында санитарлық – эпидемиологиялық талаптардың орындалуы бракеражды комиссия тарапынан қатаң бақылауға алынып, № ҚР ДСМ -76 бұйрығының 7 тарауының 119 тармағына сәйкес тәрбиелеу және білім беру объектілерінің қоғамдық тамақтану ұйымдарында төмендегі өнімдерді сатуға тыйым салынсын:

      1) қатық, сүзбе, айранды;

      туралған ет қосылған құймақтарды;

      флотша макаронды;

      зельцтер, форшмактар, сілікпелер, паштеттерді;

      кремі бар кондитерлік өнімдерді;

      тұтыну қаптамасындағы кондитерлік өнімдер мен тәттілерді (шоколад, кәмпит, печенье);

      морстар, квастарды;

      фритюрде қуырылған өнімдерді;

      шала пісірілген жұмыртқа, қуырылған жұмыртқаны;

      күрделі (4 компоненттен артық) салаттарды; қаймақ пен майонез қосылған салаттарды;

      окрошканы;

      саңырауқұлақтарды;

      өнеркәсіпте дайындалмаған (үйде дайындалған) тамақ өнімдерін;

      тез дайындалатын құрғақ тағамдық концентраттар негізіндегі бірінші және екінші тағамдарды;

      газдалған, емдік және емдік-асханалық минералдық суды, тәтті алкогольсіз сусындарды, алкогольсіз энергетикалық (сергітетін) сусындарды, диффузиялық қойылтылған шырындарды (қаптамаланған минералды және ауыз суды қоспағанда);

      фаст-фудтар: гамбургерлер, ход-догтар, чипсілер, кептірілген нан, қытырлақ нанды;

      ащы тұздықтар, кетчуптар, ащы дәмдеуіштерді (бұрыш, ақшелкек, қыша) дайындауға және өткізуге;

     2) мыналарды:

      пастерленбеген сүтті, термиялық өңделмеген сүзбені және қаймақты;

      суда жүзетін құстың жұмыртқасы мен етін;

      ауыл шаруашылығы малының сырқаттанушылығы бойынша қолайсыз шаруашылықтардың сүтін және сүт өнімдерін;

      тіл, жүректі қоспағанда өнімді мал мен құстың субөнімдерін;

      механикалық түрде сылынып алынған өнімді малдың етін және құс етін;

      құс етінен алынған құрамында коллаген бар шикізатты;

      сойылған өнімді мал мен құстың қайта мұздатылған өнімдерін;

      генетикалық түрлендірілген шикізаттар және (немесе) құрамында генетикалық түрлендірілген көздер бар шиізаттарды;

      йодталмаған тұзды және құрамында темір бар витаминдермен, минералдармен байытылмаған (фортификацияланбаған) жоғарғы және бірінші сұрыпты бидай ұнын ПАЙДАЛАНУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕСІН.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: