ҰБТ » Школа-гимназия №161 г. Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 273-39-44
Есепші бөлімі:
+7(727) 273-82-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ұлттық Бірыңғай Тестілеу тапсырып жатқан оқушыларымыз 11 жыл бойғы білімдерін жинақтап, нәтижесін көрсететін сәт те келіп жетті. «Алтын белгіге» үміткер Омарғазы Нұрасыл бүгін ҰБТ-ның 1-тапсырылымында 136 балл жинап, жоғары көрсеткішке жетті.
09
июнь
2023
Ұлттық Бірыңғай Тестілеу тапсырып жатқан оқушыларымыз 11 жыл бойғы
Биылғы 2022-2023  оқу жылында Ж.Жабаев атындағы № 161 лицейді 68 оқушы аяқтап отыр. Ұлттық Бірыңғай Тестілеу тапсырып жатқан оқушыларымыз 11 жыл бойғы білімдерін жинақтап, нәтижесін көрсететін сәт те келіп жетті. «Алтын белгіге» үміткер Омарғазы Нұрасыл бүгін ҰБТ-ның 1-тапсырылымында 136 балл жинап, жоғары көрсеткішке жетті. Бұл – оқушының таудай талабы  мен ұстаздар қауымының ерен еңбегінің нәтижесі, ата-ананың ақ тілегінің өтеуі. Құтты болсын!
28.06.2020 ж өткен ҰБТ-ның қорытындысы бойынша мәлімет
28
июнь
2020
28.06.2020 ж өткен ҰБТ-ның қорытындысы бойынша мәлімет
2019-2020 оқу жылында 11 сынып оқушыларымыз ҰБТ-дан жоғары балл жинап орташа балл 100,5 балл құрады. Бұл дегеніміз өте жақсы, жоғары көрсеткіш! Лицейміздің барша ұстаздарының еңбегін ақтап шыққан 11 сынып оқушыларын құттықтаймыз. Алдағы үлкен өмірде қадамдарыңды нық басып алға ұмтылған ел танитын азаматтар мен азаматшалардың қатарынан болыңыздар! 
26.06.2019 ж  өткен ҰБТ-ның қорытындысы бойынша мәлімет
26
июнь
2019
26.06.2019 ж өткен ҰБТ-ның қорытындысы бойынша мәлімет
2018-2019 оқу жылында 43 оқушы жалпы орта мектепті аяқтады. 11 «А» сынып-22 оқушы, сынып жетекшісі – Г.Б.Аманкулова; 11 «Ә» сынып -21 оқушы, сынып жетекшісі - Ж.К.Адасканова; ҰБТ-ге қатысуға лицей бойынша 39 оқушы, өтініш білдірді. 11 «А» сынып оқушылары Нурадил Әділ ,11 «Ә» сыныбында Кереев Алмас, Саябуддин Бекжан, Шыңғыс Дамир тестілеуге қатысудан өз еркімен бас тартты. ҰБТ-ге дайындық барысында 11-сынып оқушыларынан сынама тест аптасына 1 рет алынып отырды.