2022-2023 оқу жылы объектілердегі тамақтану жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар негізінде асханада сатуға тыйым салынған тағамдар туралы » Школа-гимназия №161 г. Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 273-39-44
Есепші бөлімі:
+7(727) 273-82-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2022-2023 оқу жылы объектілердегі тамақтану жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар негізінде асханада сатуға тыйым салынған тағамдар туралы
01
сентябрь
2022

2022-2023 оқу жылы объектілердегі тамақтану жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар негізінде асханада сатуға тыйым салынған тағамдар туралы

  1. Гимназия асханасында санитарлық – эпидемиологиялық талаптардың орындалуы бракеражды комиссия тарапынан қатаң бақылауға алынып, № ҚР ДСМ -76 бұйрығының 7 тарауының 119 тармағына сәйкес тәрбиелеу және білім беру объектілерінің қоғамдық тамақтану ұйымдарында төмендегі өнімдерді сатуға тыйым салынсын:

      1) қатық, сүзбе, айранды;

      туралған ет қосылған құймақтарды;

      флотша макаронды;

      зельцтер, форшмактар, сілікпелер, паштеттерді;

      кремі бар кондитерлік өнімдерді;

      тұтыну қаптамасындағы кондитерлік өнімдер мен тәттілерді (шоколад, кәмпит, печенье);

      морстар, квастарды;

      фритюрде қуырылған өнімдерді;

      шала пісірілген жұмыртқа, қуырылған жұмыртқаны;

      күрделі (4 компоненттен артық) салаттарды; қаймақ пен майонез қосылған салаттарды;

      окрошканы;

      саңырауқұлақтарды;

      өнеркәсіпте дайындалмаған (үйде дайындалған) тамақ өнімдерін;

      тез дайындалатын құрғақ тағамдық концентраттар негізіндегі бірінші және екінші тағамдарды;

      газдалған, емдік және емдік-асханалық минералдық суды, тәтті алкогольсіз сусындарды, алкогольсіз энергетикалық (сергітетін) сусындарды, диффузиялық қойылтылған шырындарды (қаптамаланған минералды және ауыз суды қоспағанда);

      фаст-фудтар: гамбургерлер, ход-догтар, чипсілер, кептірілген нан, қытырлақ нанды;

      ащы тұздықтар, кетчуптар, ащы дәмдеуіштерді (бұрыш, ақшелкек, қыша) дайындауға және өткізуге;

     2) мыналарды:

      пастерленбеген сүтті, термиялық өңделмеген сүзбені және қаймақты;

      суда жүзетін құстың жұмыртқасы мен етін;

      ауыл шаруашылығы малының сырқаттанушылығы бойынша қолайсыз шаруашылықтардың сүтін және сүт өнімдерін;

      тіл, жүректі қоспағанда өнімді мал мен құстың субөнімдерін;

      механикалық түрде сылынып алынған өнімді малдың етін және құс етін;

      құс етінен алынған құрамында коллаген бар шикізатты;

      сойылған өнімді мал мен құстың қайта мұздатылған өнімдерін;

      генетикалық түрлендірілген шикізаттар және (немесе) құрамында генетикалық түрлендірілген көздер бар шиізаттарды;

      йодталмаған тұзды және құрамында темір бар витаминдермен, минералдармен байытылмаған (фортификацияланбаған) жоғарғы және бірінші сұрыпты бидай ұнын ПАЙДАЛАНУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕСІН.

  1. Оқушылардың тамағына жаңа жоғары сапалы тағамдарды сертификатымен қабылдау қамтамасыз етілсін.
  2. Перспективалық ас мәзірін және ақылы тамақтану ас мәзірін гимназия басшысын бекіту және ақпараттар тақтасына ілу, тез бұзылатын тамақ өнімдері мен жартылай фабрикаттарды бракераж журналына енгізу, олардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарын тексеру мектеп медбикесі мен бракеражды комиссия мүшелеріне тапсырылсын.
  3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: