ХАБАРЛАНДЫРУ » Школа-гимназия №161 г. Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 273-39-44
Есепші бөлімі:
+7(727) 273-82-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
апрель
2022

ХАБАРЛАНДЫРУ

Алматы қаласы Білім басқармасының «Ж.Жабаев атындағы №161 лицей» КММ әкімшілігі 2022-2023 оқу жылындағы 5-сыныпқа 75 оқушы қабылдайтынын хабарлайды. Құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығының (2021 жылғы 03 маусымдағы №275 бұйрығымен  өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) аясында жүргізіледі.
Өтініш беру келесі порталдар арқылы 2022 жылғы 03 мамырынан бастап жүргізіледі: https://egov.kz/cms/ru/services/secondary_school/mon-197-205 немесе  https://bilimalmaty.kz/ 
Білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұрмайтын білім алушылар конкурстық іріктеу бойынша лицейге қабылданады.
Конкурс ағымдағы  жылдың 02 маусымынан бастап жүргізіледі, күніне 25 оқушыдан емтихан алынады. Емтиханға келу күні мен уақыты egov.kz порталындағы жеке кабинеттеріңізге хабарлама арқылы жіберіледі.
Педагогикалық кеңестің және Қамқоршылық кеңесінің шешімімен математика пәнінен  16 баллдық бақылау жұмысы беріледі. Оқушы 16 баллдың 50 пайызын, яғни 8 балл және одан жоғары балл жинаған жағдайда лицейге қабылданады. Бақылау жұмысы тапсырмалары  резенцияланбайды және берілмейді. 
5- сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар: 
1. Көптаңбалы сандарды көбейту мен бөлу 
2. Өрнектердегі амалдарды орындау реті 
3. Шамаларға арифметикалық амалдар қолдану 
4. Күрделі теңдеулерді шешу 
5. Қозғалысқа, бірлескен жұмысқа, шамалардың тәуелділігіне берілген мәтінді есептерді арифметикалық тәсілмен шығару 
6. Геометриялық есептерді шығару 
7. Логикалық есептерді шығару 
Ескерту! 
   Құрметті, ата-аналар! оқушы емтиханға өзімен бірге 12 беттік дәптер (төр көз) және қаламмен  келуі тиіс. 
Барлық сұрақтармен лицейдің қабылдау бөлмесіне 273-39-44 телефоны бойынша хабарласуға болады.
Қабылдау емтиханы жүріп жатқан кезде бір ата-ана тәуелсіз бақылаушы ретінде қатысады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: