«Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы!» тақырыбында ұйымдастырылған сынып жетекшілер бірлестігінің қорытынды кеші болып өтті » Школа-гимназия №161 г. Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 273-39-44
Есепші бөлімі:
+7(727) 273-82-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы!» тақырыбында ұйымдастырылған сынып жетекшілер бірлестігінің қорытынды кеші болып өтті
15
декабрь
2023

«Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы!» тақырыбында ұйымдастырылған сынып жетекшілер бірлестігінің қорытынды кеші болып өтті

15.12.2023 күні, Алматы қаласы Медеу ауданы Ж.Жабаев атындағы №161лицейде «Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы!» тақырыбында ұйымдастырылған  сынып жетекшілер бірлестігінің қорытынды кеші болып өтті. Кеш Желтоқсан оқиғасында қаза тапқан қырандардың рухына тағзым етіп, 1 минут үнсіздік жариялаудан  басталды.
9-10 сынып оқушылары қойған «Желтоқсанның мұзға жанған алауы» атты сахналық көрініс көзге жас, көңілге мұң ұялатты.
Оқушылар мен лицей ұстаздары «Тәуелсіздікке арнау»  оқып көңілдерге қуаныш орнатып, жүректерді бір тебірентіп өтті.
Кеште он күн бойы өткен іс-шараларда: патриоттық ән, сурет салу, спорттық ойындар бойынша жетістікке жеткен оқушылар марапаталды.
Сондай-ақ, 5-сыныптардың үздік оқушылары «Жас Ұланға» қабылданып, ант берді. Республикалық пәндер олимпиадасының мектепішілік кезеңінде жүлделі орын алған оқушыларға грамота табысталды.
Кеш соңы мерекелік концертке ұласты.  Патриоттық әндер шырқалып, оқушылар би билеп, оркестр күмбірлеген күймен кешті қорытындылады.
Осылайша «Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы!» атты кеш жас жеткіншектер есінде қаларлықтай әсерлі болды. Жаупты: 9 Ә сыныбы, жетекшісі Ж.С.Абдулла, ДТЖЖО: Ж.П.Амирова, СЖӘБ жетекшісі: А.С.Абдикаимова

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: