Тәуелсіздік - тәңірден келген тәтті сый” атты сынып жетекшілер онкүндігінің ашылуы » Школа-гимназия №161 г. Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 273-39-44
Есепші бөлімі:
+7(727) 273-82-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тәуелсіздік - тәңірден келген тәтті сый” атты сынып жетекшілер онкүндігінің ашылуы
29
ноябрь
2021

Тәуелсіздік - тәңірден келген тәтті сый” атты сынып жетекшілер онкүндігінің ашылуы

29.11.21 ж. лицейімізде “Тәуелсіздік - тәңірден келген тәтті сый” атты сынып жетекшілер онкүндігінің ашылуы өтті. 
Онкүндіктің мақсаты:
Оқушылардың туған елімізге деген патриоттық сезімін арттыру, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Тәуелсіздігіміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету. Елбасымыздың сара жолын өскелең ұрпаққа насихаттау.
     1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні мен еліміздің Тәуелсіздігіне 30 жыл мерекелік күніне арналып өткізілетін іс—шаралардың мектепішілік жоспары жасалынды.
      Жоспарға сәйкес онкүндіктің ашылуына 5-11 сынып оқушылары Елбасымыз бен тәуелсіздік туралы өлеңдерін оқып, домбырашы оқушыларымыз күмбірлетіп күй төкті.
Кеш соңында мерекелік күндерге орай ұйымдастырылған эссе, сурет байқауларына қатысып, бақ сынаған оқушылар жүлделі орындармен марапатталды. 
     Сонымен қатар, 5-6- сыныптар аралығында “Елін сүйген Елбасы” атты ашық тәрбие сағаттары өткізілді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: