«Жадымызда жаңғырады Желтоқсан» тақырыбында ұйымдастырылған сынып жетекшілер бірлестігінің қорытынды кеші болып өтті » Школа-гимназия №161 г. Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 273-39-44
Есепші бөлімі:
+7(727) 273-82-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жадымызда жаңғырады Желтоқсан» тақырыбында ұйымдастырылған сынып жетекшілер бірлестігінің қорытынды кеші болып өтті
15
декабрь
2022

«Жадымызда жаңғырады Желтоқсан» тақырыбында ұйымдастырылған сынып жетекшілер бірлестігінің қорытынды кеші болып өтті

15.12.2022 күні, Алматы қаласы Медеу ауданы Ж.Жабаев атындағы №161 лицейде «Жадымызда жаңғырады Желтоқсан» тақырыбында ұйымдастырылған  сынып жетекшілер бірлестігінің қорытынды кеші болып өтті. Кеш Желтоқсан оқиғасында қаза тапқан қырандардың рухына тағзым етіп, 1 минут үнсіздік жариялаудан  басталды.
9-сынып оқушылары қойған «Қайран, қарындстарым» атты сахналық көрініс көзге жас, көңілге мұң ұялатты.
Оқушылар көтерген «Тәуелсіздік шаңырағы»  көңілдерге қуаныш орнатып, жүректерді бір тебірентіп өтті.
Кеште он күн бойы өткен іс-шараларда: эссе жазу, сурет салу, спорттық ойындар, дебат турнирі бойынша жеістікке жеткен оқушылар марапаталды.
Сондай-ақ, 5-сыныптардың үздік оқушылары «Жас ұланға» қабылданып, ант берді. Республикалық пәндер олимпиадасының мектепішілік кезеңінде жүлделі орын алған оқушыларға грамота табысталды.
Кеш соңы мерекелік концертке ұласты.  Патриоттық әндер шырқалып, оқушылар би билеп, оркестр күмбірлеген күймен кешті қорытындылады.
Осылайша «Жадымызда жаңғырады Желтоқсан» атты кеш жас жеткіншектер есінде қаларлықтай әсерлі болды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: