«Өнерім саған, Туған ел!» деген музыкалық аспаптарда ойнау байқауы болып өтті » Школа-гимназия №161 г. Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 273-39-44
Есепші бөлімі:
+7(727) 273-82-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Өнерім саған, Туған ел!» деген музыкалық аспаптарда ойнау байқауы болып өтті
09
декабрь
2023

«Өнерім саған, Туған ел!» деген музыкалық аспаптарда ойнау байқауы болып өтті

Алматы қаласы Медеу ауданы Ж.Жабаев атындағы №161 лицейде Тәуелсіздіктің 32 жылдығына орай «Тәуелсіздік – баға жетпес байлығым» атты сынып жетекшілер бірлестігінің онкүндігі өткізілуде. Осы онкүндік аясында «Өнерім саған, Туған ел!» деген музыкалық аспаптарда ойнау байқауы болып өтті. Оқушылар бұл байқауға зор дайындықпен келді. Түрлі аспаптарда ән шырқалып, күйлер тартылды. Бір-бірінің өнеріне тамсана қараған жеткіншектердің орындау қабілеттеріне қазылар алқасы баға беріп, ата-аналар да тамашалауға келді. «Сегіз қырлы бір сырлы» өнерпаздар өнерге тағы да бір зер салып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: