«Ата – бабалар аманаты - Тәуелсіздік» » Школа-гимназия №161 г. Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 273-39-44
Есепші бөлімі:
+7(727) 273-82-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ата – бабалар аманаты - Тәуелсіздік»
13
декабрь
2019

«Ата – бабалар аманаты - Тәуелсіздік»

  1. 13.12.2019ж Р.Ж.Райсованың ұйымдастыруыменҚазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 28 жыл толуына орай «Ата – бабалар аманаты - Тәуелсіздік» тақырыбында кездесу кеш өтті. Кештің мақсаты:Қазақ халқының басынан өткен қилы-қилы кезеңдерінің тарихына шолу жасай отырып, ата-бабаларымыздың тәуелсіздік жолындағы ерлік үлгісімен тәрбиелеу, ел тәуелсіздігінің 28 жылындағы жеткен бірегей табыстарымызды жете түсіндіру арқылы Елбасының ұйымдастыру көрегендігін, бейбітшілікті, ұлттық татулықты ту ету мақтанышына сүйсіндіру арқылы оқушыларды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Кездесу кешке Желтоқсан көтерілісіне қатысушы Желтоқсан қаһарманы. Республикалық желтоқсан ақиқаты қоғамдық ұйымының мүшесі. «Соғыс Ардагерлері» емханасының бөлім меңгерушісі Матеев Әмірбек Маткаримұлы, Желтоқсан қаһарманы. Жүргенов атындағы академиялық өнер театр университетінің мономенталды сурет кафедрасының оқытушысы, Халықаралық «Тұран» бәйгесінің жүлдегері Смағұлов Асан Тоқтарханұлы қатысты. Кеш барысын лицей директоры Р.М.Суранчиева алғашқы құттықтау сөзімен және тәуелсіздік алуымыздың тарихына тоқталып өтті.  Кеш оқушылардың шығармашылығымен жалғасты. Кеш ортасында Ә.М.Матеев пен А.Т.Смағұлов оқушылармен сұхбаттасып сұрақ жауап алысты. Кешке келген қонақ лицей оқушыларының өнеріне риза болып жылы лебіздерін білдірді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: