ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауы » Школа-гимназия №161 г. Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 273-39-44
Есепші бөлімі:
+7(727) 273-82-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауы
16
март
2022

ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауы

ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың  «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын Ж.Жабаев атындағы № 161 лицей ұжымы да зор ықыласпен тыңдап, қуана қабылдадық. 
       Жолдауда бүгінгі күн тәртібіндегі өзекті мәселелер көтерілді.  
      Ел көкейінде жүрген  көптеген сұрақтарға жауап алынды. Қаңтар оқиғасында қаза болған азаматтардың туыстарына көңіл айтудан басталған Жолдау 8 басымдықты таныстырумен жалғасты. Саяси саладағы болатын жаңғыртулар еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағынан дамуына ерекше ықпал етеді деп сенеміз. Әсіресе,  қоғамды демократияландыру мен сайлау жүйесін жетілдіру елдегі жаңартулардың басы болады деп есептейміз. Ал  конституциялық сот құру – әділ әрі құқықтық мемлекет құру жөніндегі маңызды қадам болмақ. БАҚ – тың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және олардың еркін болуы, өз көзқарастарын ашық жеткізуіне мүмкіндік жасалу керектігі жөніндегі ұсыныс көңіл қуантады. Жолдаудағы жаңадан ашылатын облыстар  туралы пікір елді елең еткізген жағымды жаңалық болды.  Алаш қайраткерлері бас қосып, талай жоспарлар қаралған киелі Семей топырағында жаңадан Абай облысының, Ұлы Абылай үш жүздің басын қосқан жиынын өткізген жезді жерінде Ұлытау облысының ашылатыны көңілдерде бір серпіліс туғызды. Ал Алматы облысының екіге бөлініп, Жетісу облысы қосылатыны,  Қапшағайға  Дінмұхаммед Қонаевтің атын беру туралы пікір  қуанышты жаңалық болды.  
           Аталған өзгерістерді басшылыққа алып, Президентімізді қолдап,  Жаңа Қазақстан құруға бірде біреуіміз қалыс қалмай, атсалысуымыз керек. 
«Бүгінгі Жолдаудың мән-маңызы айрықша. Оның арқалайтын жүгі бір жылмен шектелмейді, ауқымы кең, мазмұны да бөлек. Біз алдымызға биік мақсаттар қойып отырмыз. Өздеріңізбен бірге Жаңа Қазақстанды құруға кірістік», - деді Президент. «Бірлік бар жерде - тірлік бар». Ендеше, бірлігіміз ажырамай, алда тұрған саяси реформалар мен жаңа бағыттарды берік ұстанып, ел Президентінің қасынан табылып, Жаңа Қазақстанды бірге құруға тырысайық!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: