Қош келдініздер!!! » Школа-гимназия №161 г. Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 273-39-44
Есепші бөлімі:
+7(727) 273-82-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Қош келдініздер!!!
25
ноябрь
2015

Қош келдініздер!!!

Лицей директоры - Суранчиева Роза Махмутовна

 

Қазіргі жағдайдағы лицейлік білім беру – бұл оқушылардың интеллектуалдық қабілетін дамытуға, олардың шығармашылық әлеуетін қалыптастыруға, ғылыми көзқарасы мен жалпы мәдениеттілік қызығушылығын кеңейтуге бағытталған оқу жоспары негізінде сапалы білім беру. Лицейлік білім берудің негізгі принциптері білім берудің түрін таңдау, оқушының жеке бас қабілеттерін, бейімділігін, адамгершілік қасиеттерін дамыту. 

Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар, оны жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Осыған байланысты лицей баланың дамуында негізгі роль атқарады. Баланың жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуы, өзіндік көзқарасының қалыптасуы мен ой-өрісінің кеңеюі мектеп қабырғасында қаланады. Онда жан-жақты дамып, өз ой-пікірін еркін жеткізе алатын болады. Сонымен қатар, қазақстандық білім беру үдерісінде соңғы уақытта, көбінесе, жалпы білім, білік дағдысын қалыптастыру ғана басты назарда болып келген. Оқу-тәрбие процесі барысында  баланың жеке ерекшелігі ескерілмей құрылатын.

            Қазіргі білім беруде біршама өзгерістер болып, жаңа типтегі білім беру ұйымдарында, оның ішінде,  біздің лицейде де, оқыту мен тәрбиелеу жүйесі түбірімен өзгеруде. Сондықтан, аталған мәселені шешудің тиімді жолдарының бірі – білім беруде оқушының жеке және кәсіби дамуын қамтамасыз ететін тұлғаға бағытталған тәсілдерді еңгізіп дамыту.

Жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың тұжырымдамасы баланы жан-жақты дамытумен бірге, жеке және жас ерекшеліктеріне қарай қоғамдағы өзгерістерге бейім даму мүмкіндігін айқындауды қарастырады.

Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту – проблемалы бағыттағы шығармашылық сипатқа ие бола отырып, жаңа білімді іздену арқылы тәжірибеде қолдана білуге ықпал етеді, мұндағы басты міндет – баланың жалпы және өзіне ғана тән қабілеттерінің даму мүмкіндігі мен білім, білік дағдыларын қалыптастыру жәнеқолдану. Бала  оқу үдерісінде субъектіге айнала отырып, қабілеті мен қажеттілігіне байланысты қарқынмен дамуға мүмкіндік алады. Педагог оқыту мен тәрбиелеу ісін ұйымдастырушы ғана емес, балаға серік, дос, сырлас, кеңесші қызметін де атқарады.   Нәтижесінде, жеке тұлғаның өзіндік пікірі, қоршаған ортасына құрметпен қарау қөзқарасы қалыптасып, таным қабілеті ашылады.

     Оқыту үдерісін осылай ұйымдастырудың нәтижесі әмбебап әрекетке дайын, дамыған тұлға болып табылады.

     Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушылары функционалдық сауаттылығын арттырудың іс-жоспарын жасауды Үкіметке тапсыруы – бағдарлы  білім  беру  мен кәсіби бағдар арқылы жастардың сауатын ашып қана қоймай, оны әлеуметтік бейімделу кезінде  пайдалануға үйрету  тиістігінің дәлелі. Мемлекет басшысының функционалдық сауаттылықты арттыру мәселесін ерекше атап өтуіне қарай, лицейде білім алушылардың тұлғалық дамуы мен сапалы бағдарлы білім алуы басты назарда. алпы орта білім берудегі әлемдік тәжірибеге сүйенсек, сапалы білім беру жетістіктеріне жетудің негізгі жолы оқыту мазмұны мен жүйесін өзгерту болып табылады. Ол оқытудың, ойлаудың, жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеру мен әрбір жеке тұлғаның қай жаста болмасын алдына қойған кез-келген міндетті шешуде қолдана алуына баса назар аударады.

 

Мектептегі оқыту қызметінің бірі – оқушыны нақты өмірге дайындау болып табылады. Сол тұрғыдан, лицейде сыныптар бағдаралды, бағдарлы және мамандыққа бейіндеу бағытында құрылған.

 

Ғылыми және жоғары технологиялық өндіріс жағдайында жастардың ғылыми, технологиялық, гуманитарлық дайындығына қойылатын талап жоғарылап отыр. Танымдық қабілеттер мен жалпы оқу білім, білік дағдыларын дамытудың негізі болатын орта білім берудің маңызы артуда. Жалпы орта білім берудің құрылымын жаңарту оқушының қызығушылығын, қажеттілігі мен мүмкіндігін кеңірек ескеруге, оқыту деңгейі бойынша оқу материалын ұтымды бөлуге, білім мазмұнының құрамдас бөліктерінде кездесетін кейбір қарама-қайшылықтарды жоюға, жеке оқытуға жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Біздің лицейдің оқу жүйесіндегі ерекшелігі – оқушылардың және ата-аналардың сұранысы бойынша оқушылардың қызығушылығы мен бейінін ескере отырып бағыттарына сәйкес төмендегі арнайы , қолданбалы курстар, факультативтік сабақтар жүргізіледі.

Гимназияның  ашылуы мен  білім ордасы ретінде құрылып, аяқтануына, Алматы қаласы мектептері ішінде өзіндік тарихы мен  харизмасының қалыптасуына  басшылық  жасап,  қазақтың  білім беру  саласында ерекше із қалдырған  алғашқы гимназия директоры  ҚР Білім беру ісінің үздігі,  «Тәуелсіздіктің 10 жылдығы» мен «Ерен еңбегі үшін» медальдарының иегері,  Вольдорф педагогикасы жобасына  қатысушы, гимназия негізін қалаушы Қанағатов Есімхан Баймұхамедұлының  еңбегі мен беделі лицей тарихында,  педагогикалық ұжым мен лицей түлектері және ата-аналар қауымы есінде.  Еліміздің елеулі азаматы, Қазақстан Республикасы білім саласында 47 жылдық еңбек өтілі  бар  ардақты ұстаз барша мұғалімдерге  үлгі  болып  табылады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

03 ноябрь 2014 Администрация
06 октябрь 2014 Қош келдініздер!!!