Ж.Жабаев атамыздың туғанына 175 жыл толуына орай мерекелік кеш өткізілді » Школа-гимназия №161 г. Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 273-39-44
Есепші бөлімі:
+7(727) 273-82-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ж.Жабаев атамыздың туғанына 175 жыл толуына орай мерекелік кеш өткізілді
08
ноябрь
2021

Ж.Жабаев атамыздың туғанына 175 жыл толуына орай мерекелік кеш өткізілді

08.11.2021ж Ж.Жабаев атамыздың туғанына 175 жыл толуына орай мерекелік кеш өткізілді. Бүгінгі кеш, басқа кештерден өзгеше, өйткені қазақ «Сөз қадірін - өз қадірім» деп білген халық. Кеңдігін де, елдігін де кемеңгерлігі мен көсемдігін де, сөзге сыйғызған халық. Бітпес даудың, бәтуасыз шудың кесімі де, шешімі де сөз болған. Сондықтан да сөзден өткен күш, сөзден өткен құдірет жоқ. Сондай даралық сөз тудырған, суырып салма ақынымыз Жамбыл Жабаевтың туғанына биыл 175 жыл толды. Ақын, абыз, жырау, жыршы, суырып салма айтыс өнерінің жүйрігі Жамбыл ақынның мерейтойына арналған іс-шаралар көптеп жүргізілуде. Солардың бірі «Жамбыл ізімен» атты экспедиция. Осы экспедиция бүгін біздің Жамбыл Жабаев атындағы лицейімізге келіп отыр.
Экспедияция мүшелері:
1. Абдуалиев Ақан Жылқышыбайұлы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитетінің төрағасы, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері, жыршы, дәстүрлі әнші.
2. Жақыпова Алия Әлімжанқызы – «Алматы обылысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ басшысының орынбасары, Мәдениет саласының үздігі.
3. Жұмабай Шаштайұлы – ҚР Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, Халықаралық Жамбыл атындағы сыйлықтың иегері, жазушы.
4. Жақып Бауыржан Өміржанұлы – ҚР Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары, филология ғылымдарының докторы, Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі, Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты, профессор.
5. Ақыш Нұрдәулет Бәбиханұлы – М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, жазушы.
6.Тебегенов Темірхан Сақаұлы – Абай атындағы Қазақ ҰПУ профессоры, Жамбылтанушы.
7. Мауланов Алмасбек Анықбекұлы – Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің доценті.
8. Аязбаева Рысжан  Абсеметқызы – Облыстық М.Тынышбаев атындағы тарихи-өлкетану музейінің директоры, Мәдениет саласының үздігі.
9. Жамбылова Салтанат – Ж.Жабаев әдеби-мемориалды музейінің директоры, Ж.Жабаевтың немересі.
10. Домбай Гүлнұр Келісқызы – Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бас маманы.
11. Қабдрахманов Ғабит Серикович – оператор «Жетісу» телеарнасы
12. Хамитов Алмат Талгатович – «Жетісу» телеарнасының тілшісі.«Жамбыл ізімен» атты кешімізге қатысқан қонақтар жоғарғы бағасын беріп, лицей ұжымына, оқушыларға ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.







Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: