«Ел тірегі – Елбасы» » Школа-гимназия №161 г. Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 273-39-44
Есепші бөлімі:
+7(727) 273-82-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ел тірегі – Елбасы»
29
ноябрь
2019

«Ел тірегі – Елбасы»

29.11.2019 ж 8 «Ә» сыныбы және сынып жетекшісі С.Н.Уәли Тұңғыш Президент күніне орай «Ел тірегі – Елбасы» тақырыбында салтанатты жиын өткізілді. Жиынның мақсаты: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы толық мәлімет беру, оқушылардың өз Отанын, туған жерін сүюге қорғауға, сақтауға құрметтеуге тәрбиелеу.Салтанатты жиын спорт залда өткізілді. Жиынға 5- 11 сынып және лицей ұжымы қатысты. Кеш Қазақстан Республикасының Гимнімен басталды.Салтанатты жиында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың балалық шағынан слайдтар мен бейне роликтер көрсетілді. 8 «Ә» сыныбы Қазақстан әніне би билеп, ән шырқады. Сонымен қатар кеште 10 «Ә» сыныбының оқушылары Асилханов санжарбек, Баққыдыр Ернұр, Джунисбек Диастың орындауында «Ел ағасы» әні шырқалды. 5- сынып оқушылары Елбасына арналған өлең шумақтарын оқыды. 5-сыныптың үздік оқушыларын «Жас Ұлан» ұйымына қабылдады. Кешті «Жас Ұлан» ұйымына қабылданған оқушылардың «Нұр ағам» әнімен аяқтады. Салтанатты жиын жоғары деңгейде ұйымдастырылды. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

26 ноябрь 2019 «Ұлт көшбасшысы»