Ару қала - Алматы » Школа-гимназия №161 г. Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 273-39-44
Есепші бөлімі:
+7(727) 273-82-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
сентябрь
2021

Ару қала - Алматы

Алып шаһар Алматының туған күні қаламызда жыл сайын қыркүйек айының үшінші жексенбісінде аталып өтіледі. Аталған мерекеміз, қала күніне арналған Алматы қаласының оқушылары арасында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай “ Ару қала - Алматы” атты байқауы болып өтті. Байқауда эссе жазу, бейнелеу, қол өнері номинациялары бойынша 8-13 жас аралығындағы жас өнерпаздар өз бақтарын сынады. Эссе жазу номинациясында лицейімізден 7А сынып оқушысы Бостан Хауа өзге қатысушылардан оза шауып, І дәрежелі орыннан көрінді. Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ершораева Назерке Нұралықызы. Жас жеңімпазымызға марапатты Медеу ауданының әкімі Әсет Масабаев мырзаның өзі табыстады. Ару қала - Алматының мерейін үстем етіп, арнайы байқау ұйымдастырған Медеу аудандық әкімшілігі мен Медеу аудандық білім бөліміне алғысымызды айтамыз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: