ХХІІ республикалық Абай оқулары » Школа-гимназия №161 г. Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 273-39-44
Есепші бөлімі:
+7(727) 273-82-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ХХІІ республикалық Абай оқулары
13
август
2021

ХХІІ республикалық Абай оқулары

2021 жылғы тамыз айының 12- жұлдызында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 8-11 сынып оқушылары арасында ХХІІ Абай оқуларының Медеу аудандық кезеңінде лицейіміздің оқушылары бақ сынап жүлделі орындармен марапатталды.

   6 номинациядан тұратын аталмыш байқаудың 5 номинациясы бойынша лицейімізден 5 оқушы сынға түсті. Оның ішінде 3 оқушы жүлделі І орынмен қалалық кезеңге жолдама алса, 2 оқушымыз ІІ дәрежелі жүлделі орындармен марапатталды. Атап айтар болсақ:

1.«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы – Тәжіқұл Нұрила І орын (10Ә)

2. «Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша – Аманжолова Жазира І орын (8Ә)

3.«Көңілім әнді ұғады» номинациясы – Мұратбекова Ақерке І орын (10А)

4. «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы – Серікқазы Мадина ІІ орын (8Б) 

5. «Ұлылар әлемі» номинациясы – Қасен Толғанай ІІ орын (10А)

         Осы оқушылар 13-тамыз күні байқаудың қалалық кезеңіне қатысып “Көңілім әнді ұғады» номинациясында Мұратбекова Ақерке(10А) жүлделі І орын иеленіп, республикалық кезеңге жолдама алса (Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ершораева Назерке Нұралықызы), «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясында Тәжіқұл Нұрила (10Ә) ІІ орынмен, «Абайдың қара сөздері номинациясы бойынша Аманжолова Жазира(8Ә) жүлделі ІІІ орынмен марапатталды. Жетекшісі: Абдикаимова Акылкуль Сарсеновна.

      24-27 күндері аралығында өткен байқаудың соңғы республикалық кезеңінде жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығып оза шапқан 10А сынып оқушысы Мұратбекова Ақерке «Көңілім әнді ұғады»номинациясы бойынша үздік өнер көрсеткені үшін «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының арнайы ГРАМОТАСЫМЕН марапатталды.

    Жас өнерпаздардың жұлдызын жаққан аталмыш іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырған Медеу аудандық білім бөліміне, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығына алғысымызды айтамыз!
 
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: