Ж.Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Жыр алыбы –Жамбыл!» атты мерекелік кеші » Школа-гимназия №161 г. Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 273-39-44
Есепші бөлімі:
+7(727) 273-82-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ж.Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Жыр алыбы –Жамбыл!» атты мерекелік кеші
27
февраль
2021

Ж.Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Жыр алыбы –Жамбыл!» атты мерекелік кеші

27.02.2021 ж күні Алматы қаласы, Медеу ауданы әкімдігі мен аудандық білім бөлімі қолдауымен Ж.Жабаев атындағы №161 лицей ұжымы Ж.Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Жыр алыбы –Жамбыл!» атты мерекелік кеш өткізілді.
Кеш қонақтары: Медеу ауданы әкімінің орынбасары:Нұрлыбаев Айдос Асқарұлы
Жазушы-Түнебаев Қуандық
Жамбыл атамыздың шөбересі –Жамбыл Бұлан
Ж.Жабаев атындағы №161 лицей директоры: Суранчиева Роза Махмутовна
Мерекелік кешті Медеу ауданы әкімінің орынбасары Нұрлыбаев Айдос Асқарұлы құттықтау сөзбен бастады.
Кеш барысында Медеу ауданы әкімдігі мен аудандық білім бөлімінің қолдауымен ұйымдастырылған, қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы Ж.Жабаевтың 175 жылдығына арналған 8-11 оқушылары арасында өткен «Ұлы дала жыршысы» еркін тақырыптағы эссе байқауының марапаттау рәсімі өткізілді. Аудан көлемінде ұйымдастырылған эссе байқауына 30 ға жуық оқушы қатысып, оның ішінде 6 эссе тәуелсіз сарапшылар тобының шешімімен үздік деп танылды.

Байқау қорытындысы төмендегідей болды:
1. Жүлделі 1-орын иегері - Аубакирова Жания №159 гимназияның 10 сынып оқушысы.
Жүлделі 2-орын иегерлері:
2.Кінархан Аяулым №172 мектеп гимназиясының 11-сынып оқушысы.
3.Тілектес Тамирис №12 мамандандырылған гимназиясының 11-сынып оқушысы.
Жүлделі 3-орын иегерлері:
4. Блялова Дина, №48 мектеп лицейінің 11-сынып оқушысы.
5. Нұртаза Балжан, №98 жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы.
6. Шәріпова Аружан, №19 жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушысы.

Байқау жеңімпаздары аудан әкімінің мақтау қағазы, алғыс хаттар және бағалы сыйлықтармен марапатталып, кеш Ж.Жабаев атындағы №161 лицейдің оқушылары дайындаған мерекелік бағдарламамен жалғасын тапты.
Кеш барысында Жамбыл атамыздың өлеңдері (қазақ, орыс, ағылшын, түрік, француз) тілдерінде оқылды.
Жамбыл атамыздың «Угай-ай» әні шырқалып, күй тартылып, жас ақындар айтысты.
Меркелік кештің соңын Жамбыл атамыздың шөбересі: Жамбыл Бұлан ағамыз, жылы лебезін білдіріп, алғысын айтып қорытындылады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: