ХАБАРЛАНДЫРУ » Школа-гимназия №161 г. Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 273-39-44
Есепші бөлімі:
+7(727) 273-82-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
май
2021

ХАБАРЛАНДЫРУ


«Ж.Жабаев атындағы  №161 лицей» КММ  2021-2022 оқу жылына 5-сыныпқа байқау арқылы 75 оқушы қабылдайды. 

Лицейге қабылдау 2021 жылдың 1 маусымынан басталады. 5-сыныпқа 75 оқушы толық қабылданған уақытқа дейін және де ағымдағы жылы 7-сынып оқитын оқушыларды қабылдаймыз.

 Өтініш беру үшін ата-ана лицейдің электронды почтасына өтініш жазу арқылы немесе 273-39-44 номеріне хабарласып тіркелуіне болады. 

     Лицейдің электронды почтасы: jainara_1984@mail.ru 


Тіркелу үшін керекті құжаттар тізімі

Ата-ананың өтініші (заңды тұлғалар немесе алмастыратын) 

Оқушының туу туралы куәлігінің көшірмесі 

Өтініш қабылданғаннан кейін барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, 

күнінен 5 оқушыдан бақылау жұмысын алады. 

Педагогикалық кеңестің және Қамқоршылық кеңесінің 

шешімімен математика пәнінен 16 баллдық бақылау жұмысы беріледі.   

Оқушы 16 баллдың 60 пайызын яғни 10 балл және одан жоғары балл жинаған жағдайда лицейге қабылданады. Бақылау жұмысы

тапсырмалары  резенцияланбайды және берілмейді. Бақылау жұмысы оқушы

ата-анасымен келген күні карантин жағдайларына байланысты ата-анасының 

қатысумен өткізіледі. Оқушы бақылау жұмысын жазып бола сала жұмыстары

тексеріліп қорытындысы күнделікті шығады. 


5- сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар: 


1. Көптаңбалы сандарды көбейту мен бөлу 

2. Өрнектердегі амалдарды орындау реті 

3. Шамаларға арифметикалық амалдар қолдану 

4. Күрделі теңдеулерді шешу 

5. Қозғалысқа, бірлескен жұмысқа, шамалардың тәуелділігіне берілген мәтінді есептерді арифметикалық тәсілмен шығару 

6. Геометриялық есептерді шығару 

7. Логикалық есептерді шығару 


Ескерту! 

   Құрметті, ата-аналар! Оқушы емтиханға өзімен бірге 12 беттік дәптер (төр көз) және қаламмен  келу.

  «Ж.Жабаев атындағы  №161 лицей»КММ   2021-2022 оқу жылына Химия-биология бағыты бойынша  10-сыныпқа  оқушы қабылдайтынын хабарлайды.

Өтініш беру үшін 73-39-44 телефон номеріне хабарласып тіркеле беруге болады.


Ж.Жабаев атындағы №161 лицейдің 10 сынып оқушыларының білім деңгейінің жоғары болуына байланысты, қабылданатын оқушылардың білім сапасын тексеру үшін  Химия және Биология пәнінен 40 сұрақтық тест тапсырмасы беріледі. Оқушы 50 пайызын яғни 20 балл және одан жоғары балл жинаған жағдайда лицейге қабылданады. Конкурстық жұмыс резенцияланбайды және берілмейді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: