ХАБАРЛАНДЫРУ » Школа-гимназия №161 г. Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 273-39-44
Есепші бөлімі:
+7(727) 273-82-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
май
2020

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

«Ж.Жабаев атындағы  №161 лицей» КММ   2020-2021 оқу жылына 5-сыныпқа 75 оқушы қабылдайды. Ж.Жабаев атындағы №161 лицейге қарасты шағын учаскелік ауданда тұратын оқушылар үшін 45 орын,басқа ауданнан 30 оқушы  қабылдайды. 


Шағын учатсккелік ауданда тұратын оқушылардың құжаттарын қабылдау https://bilimalmaty.kz/site/index?language=kz-KZ  порталы арқылы жүзеге асырылады. Порталға тіркелу 2020 жылдың 1 маусым күні сағат 08:00 де басталады. Құжат қабылдау 1 маусымнан басталады. 5-сыныпқа 75 оқушы толық қабылданған уақытқа дейін. Толық нұсқаулық, қажетті құжаттар тізімі сайтта көрсетілген. 


Ж.Жабаев атындағы №161 лицейге қарасты шағын учаскелік аудан


Керекті құжаттар тізімі

Ата-ананың өтініші (заңды тұлғалар немесе алмастыратын) 

Оқушының туу туралы куәлігінің көшірмесі 

3х4 сурет 1дана   

Ата-анасының біреуінің жеке куәлігінің көшірмесі



Өтініш беру үшін 73-39-44 телефон номеріне хабарласып тіркеле беруге болады.


Педагогикалық кеңестің және Қамқоршылық кеңесінің шешімімен математика пәнінен 16 баллдық бақылау жұмысы беріледі.Оқушы 16 баллдың 50 пайызын яғни 8 балл және одан жоғары балл жинаған жағдайда лицейге қабылданады. Бақылау жұмысы тапсырмалары  резенцияланбайды және берілмейді.Бақылау жұмысы оқушы ата-анасымен келген күні карантин жағдайларына байланысты ата-анасының қатысумен өткізіледі.


5- сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар: 

                      

1. Көптаңбалы сандарды көбейту мен бөлу 

2. Өрнектердегі амалдарды орындау реті 

3. Шамаларға арифметикалық амалдар қолдану 

4. Күрделі теңдеулерді шешу 

5. Қозғалысқа, бірлескен жұмысқа, шамалардың тәуелділігіне берілген мәтінді есептерді арифметикалық тәсілмен шығару 

6. Геометриялық есептерді шығару 

7. Логикалық есептерді шығару 


Ескерту! 

   Құрметті, ата-аналар! оқушы емтиханға өзімен бірге 12 беттік дәптер (төр көз) және қаламмен  келуі тиіс. 


  «Ж.Жабаев атындағы  №161 лицей» КММ   2020-2021 оқу жылына Химия-биология бағыты бойынша  10-сыныпқа 10  оқушы қабылдайтынын хабарлайды.

Өтініш беру үшін 73-39-44 телефон номеріне хабарласып тіркеле беруге болады.


Ж.Жабаев атындағы №161 лицейдің 10 сынып оқушыларының білім деңгейінің жоғары болуына байланысты, қабылданатын оқушылардың білім сапасын тексеру үшін  Химия және Биология пәнінен 40 сұрақтық тест тапсырмасы беріледі.Оқушы 50 пайызын яғни 20 балл және одан жоғары балл жинаған жағдайда лицейге қабылданады. Конкурстық жұмыс резенцияланбайды және берілмейді.




Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: