Ж.Жабаев атындағы № 161 лицейдің ата-аналарды педагогикалық қолдау жұмыс жоспарының жүргізілуі бойынша АНЫҚТАМА
Тақырыбы: Ауыр жүк атанды, ауыр іс адамды сынайды. Сіздің балаңыз төтенше жағдайға (ТЖ) дайын ба?
Мақсаты: Төтенше жағдай кезінде ата-аналардың балалардың жеке
басының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайындығын қалыптастыру.
Міндеттері:
· Ата-аналарды балалардың төтенше жағдайға дайындығын
қалыптастыруға ынталандыру.
· Баланы төтенше жағдайларға дайындауға арналған ата-аналардың
практикалық дағдыларын дамыту.
· Төтенше жағдайға дұрыс дайындықтың бала өмірін қалай сақтап
қалатыны негізінде ата-аналардың жауапкершілік сезімін арттыру.
Ұлттық құндылықтар және тұлғаның жеке қасиеттері:
Бірлік пен ынтымақтастық
Сыныбы: 6 А, 6 Ә, 6 Б сынып
Өтілген мерзімі: 26.03.2025 жылы
Сынып жетекшісі: 6- сыныптың жетекшілері
Қатысқан ата-аналар саны: 23
Сабақтың барысы:
6 «А» Н.Бимаханбет, 6 «Ә» Г.Ж.Мустафаева, 6 «Б» А.Араповпен бірігіп дәріс өткізді. Мұғалімдер ата-аналармен сәлемдесіп, «Мен... үшін өмір сүремін» жаттығуы арқылы дәрісті бастады. Ақпарат блогында мұғалімдер ата-аналарға көптеген мағлұмат берді. Ата-аналарға «Төтенше жағдайдайлар» туралы ақпараттық Бейнероликті ұсынылып. Бейнероликтен кейін талқылау сұрақтарына ата-аналармен сұрақ жауап алмасты. https://youtu.be/rbP1c7CDHl8?si=XxgWA7n1D1sv-ql_ Топтық жұмыс. «Біздің әрекетіміз: алты қадам – үш сөйлем» әдісімен жасалды. Кері байланыс жасалды, ата-аналарға рефлексия жүргізілді.
1-қадам: ТЖ белгілері және ТЖ жиі орын алатын
аймақ
2-қадам: ТЖ кезінде ересек адамның әрекеті туралы
ұсыныстар
3-қадам: ТЖ кезінде ата-ана баланың қауіпсіздігін
қалай қамтамасыз ету керек?
4-қадам: Балалардың ТЖ дайындау бойынша
ұсыныстар мен идеялар
5-қадам: Халық даналығы апаттардан сақтану туралы
не дейді: мақал-мәтел, даналық сөздер мен ырым-тиымдар
6-қадам: Қорытынды