Ата-аналарды педагогикалық қолдау жұмыс жоспарының жүргізілуі бойынша «ЭМОЦИЯЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ» тақырыбында шара
Ж.Жабаев атындағы № 161 лицейдің ата-аналарды педагогикалық қолдау жұмыс жоспарының жүргізілуі бойынша
АНЫҚТАМА
Тақырыбы: «ЭМОЦИЯЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ»
Мақсаты: ата-аналарға өздерінің эмоцияларын және олардың балаға әсерін
жақсырақ түсінуге көмектесу.
Міндеттері:
- эмоцияларды саналы түрде басқару дағдысын дамыту;
- баланы қиын жағдайларда қолдауға арналған құралдар беру.
Сыныбы: 10-11 сынып
Өтілген мерзімі: 17.11.2025 жылы
Сынып жетекшісі: 10-11 сыныптың жетекшілері
Қатысқан ата-аналар саны: 83
Сабақ барысында ата-аналарға сәлемдесу, жағымды көңіл күй қалыптастырудан басталды. «Эмоционалды барометр» жаттығуы жасалды. ата-аналар эмоциясы бар карточкалардан олардың қазыргі жағдайы бойынша таңдап көрсетті. «Ата-аналар эмоцияларын балаларға қалай беріледі?» тақырыбында шағын дәріс өткізілді. «Эмоциялар дауысы» практикалық жаттығу жасалды. Күннің дағдысы: «Квадрат сияқты тыныс алу» жаттығуы орындалды. Кері байланыс жасалып, үй тапсырмасы берілді. Үй тапсырмасы ретінде Бір апта ішінде балаңызбен қарым-қатынаста қандай эмоцияларды сезінетініңізді байқаңыз. Қиын жағдайларда «Квадрат сияқты тыныс алу» техникасын қолданып көру тапсырылды.
