Мемлекет және қоғам қайраткері Т.Рысқұловтың туғанына 130 жыл толуына орай «Т.Рысқұлов – әлемдік деңгейдегі танымал тұлға» тақырыбында өткізілген дөңгелек үстелдің анықтамасы
Мемлекет және қоғам қайраткері Т.Рысқұловтың туғанына 130 жыл толуына орай «Т.Рысқұлов – әлемдік деңгейдегі танымал тұлға» тақырыбында өткізілген дөңгелек үстелдің анықтамасы
25.11.2024ж 10-сыныптар арасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Отаншылдық, адамгершілік, білімпаздық, нағыз маман болу, үнемшілдік, еңбекқорлық, ел мен жерге жанашырлық сияқты асыл қасиеттер бәрінен биік тұруға тиіс» дегендей, білімді,саналы, еліне адал қызмет атқаратын, ұлтжанды, адал ұрпақ тәрбиелеу мақсатында «Мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың туғанына 130 жыл» толуына орай, «Т.Рысқұлов – әлемдік деңгейдегі танымал тұлға» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. мақсаты: Тарихи тұлғалардың ел мүддесін қорғау жолындағы қажырлы еңбегін түсіндіре отырып, азаматтық ұстанымын және ұлттық құндылықтарға деген құрметін қалыптастыру. Дөңгелек үстелде оқушылар Тұрар Рысқұлов – мемлекеттілігімізді нығайтуға өлшеусіз үлес қосқан тарихи тұлға. Сондай-ақ күрделі кезеңде ел игілігі үшін аянбай қызмет етіп, талай игі бастамаларға ұйытқы болып, нәубет жылдары халықты аштықтан құтқаруға атсалысқан, қазақтың біртуар перзенті екенін айтып өтті. Дөңгелек үстел тартысты әрі құнды мәліметке толы қызықты өткізілді.Оқушылар жоғарғы деңгейді дайындалған, ойлары ашық жеткізе білді.

