Алматы қаласы Білім басқармасының
«Жамбыл Жабаев атындағы №161 лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 273-39-44
Есепші бөлімі:
+7(727) 273-82-30
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ж.Жабаев атындағы № 161 лицейінде «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі» тақырыбында өткен сынып сағатының анықтамасы
13
январь
2025

Ж.Жабаев атындағы № 161 лицейінде «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі» тақырыбында өткен сынып сағатының анықтамасы

Ж.Жабаев атындағы № 161 лицейінде «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі» тақырыбында өткен сынып сағатының анықтамасы


13.01.2025ж әлеуметтік педагог М.М.Каленов, медбике Б.Ш.Абдуллаева, психолог М.Ербол «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі»  тақырыбында 5 «Ә» сынып оқушыларымен  сынып сағаты өткізілді. Сынып жетекшісі А.Е.Шекербекова оқушыларға слайд арқылы тиімді тамақтанудың адам өмірінде алатын орны туралы түсіндіріп, толық мәлімет берді.   

Мақсаты 

  • Оқушылардың өз пікірлерін тыңдай отырып, қосымша мәліметтер бере отырып денсаулық құндылығы, дұрыс тамақтану туралы түсініктерін кеңейту.
  • Денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.
  • Денсаулықты күтуге,дұрыс тамақтана білуге тәрбиелеу.

«Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі» тақырыбы арқылы білім алушылардың қазіргі таңда дүкен сөрелерінде үзілместен үлкен сұранысқа ие болып отырған фаст- фуд, өнімдері, газдалған сусындар, жартылай дайын өнімдердің адам ағзасына келтіретін зиянды жақтарын түсіндіріп, олардың орның ағзаға пайдалы дәруменге бай тағамдармен алмастыру керек екендігін түсіндіру. Оқушыларға жалпы тамақтанудың негізгі ережесін және дұрыс тамақтанудың алғышарттары сабақ барысында түсіндіріп өтті. Оқушылар көрсетілген мәліметтер бойынша топқа бөлініп, тамақтану туралы өз пікірлерін білдірді. Асхана бұрышында көрсетіліп тұрған тыйым салынған заттардың құрамымен де таныстырылды.Тағамның мөлшері, оның сапасы, қабылдау кестесі, гигиена ережесі және қолайлылық этикасымен реттелуі керектігі түсіндірілді. Тамаққа деген тәбетіңіз болмай тұрып, ас қабылдамаңыз. Тамақтану тәртібі дегеніміз – ас қабылдауда белгілі бір уақытқа бағыну, сондай - ақ тамақтану кезінде астың мөлшерін және мәзірін сақтау деген ұғымды білдіреді деген пікірмен аяқтады. 


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: