Мұғалімдер күніне арналған іс-шара анықтамасы
Мұғалімдер күніне арналған іс-шара анықтамасы
04.10.2024 ж «Ұстаз – ұлы тұлға» тақырыбында 11-сынып оқушылары өзін-өзі басқару «Дублер» күнін ұйымдастырды.
Мақсаты: оқушыларға ұстазды құрметтеуге, сыйлауға, түсіне білуге, бағалауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру.
11-сынып оқушылары 5-10 сыныптар арасында ұстаздардың орнына әр оқушы пән мұғалімі ретінде сабақтарды бөліп алып сабақтар өткізді. Балалар дайындықпен келген, Сабақты да, Әкімшілік қызметтіде жауапкершілікпен атқарды. Бос өткізілмей қалған сабақ болған жоқ, сыныптағы, дәліздегі тәртіп сақталды. Сонымен қатар ұстаздарға қазақ тілі және биология сабақтары ұйымдастырылды.
Лицей ұстаздарына тәрбие сағаты және тренинг сабақтары өткізілді. Сабақ сайыс түрінде жүргізілді. Сонымен қатар 13.00-де Ұстаздарға арналған лицей оқушыларының мекеркелік концерт өткізілді. Концерт жоғары дәрежеде өткізілді. Концерт 11-сынып оқушыларының ұстаздарға арналған бейне роликпен басталып, 5-сынып оқушылар «Ұстаз» әнін хормен жалғасты. 5-11 сыныптар арасында оқушылар ұстаздарға арнап өлең шумақтары мен қанатты сөздерді мәнерлеп оқыды. 11-сынып оқушылары «Ұстазым» ән шырқап заманауи би биледі. «Ұстазым менің ұстазым» әнін хормен шырқады. Бейне ролик арқылы ұстаздардың көңілді видео роликпен көріп ұстаздардың көңілі көтеріліп, оқушыларға алғыстарын айтты. Сонымен қатар Лицей директоры Р.М.Суранчиева Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің және Кәсіп одақ «Ұстаз» ұйымының, өз атынан ұстаздарды алғыс хатпен марапаттады.


