Биылғы 2022-2023 оқу жылы Алматыдағы Ж.Жабаев атындағы лицей үшін табысты болды. » Школа-гимназия №161 г. Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 273-39-44
Есепші бөлімі:
+7(727) 273-82-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Биылғы 2022-2023 оқу жылы Алматыдағы Ж.Жабаев атындағы лицей үшін табысты болды.
07
август
2023

Биылғы 2022-2023 оқу жылы Алматыдағы Ж.Жабаев атындағы лицей үшін табысты болды.

Биылғы 2022-2023 оқу жылы Алматыдағы Ж.Жабаев атындағы лицей үшін табысты болды. Лицейді 68 оқушы аяқтап, Ұлттық Бірыңғай Тестілеуден өтті. Тест қорытындысы бойынша түлектер 100 пайыз шектік баллдан асырса, 70 пайызы 100-ден жоғары көрсеткішке жетті. Оның ішінде Омарғазы Нұрасыл – 136 балл, Ермекұлы Ахмедияр – 135 балл жинап, ең жоғары көрсеткішке ие болды. Лицей бітірушілері арасында ҰБТ бойынша орта балл – 102,38 құрап, жоғары нәтижеге жетті.
      Барлық түлектеріміз таңдаған мамандықтары бойынша жоғары оқу орындарына түсіп, оның ішінде 60-сы мемлекеттік білім гранты иегері атанды. Оқушыларымыздың басым көпшілігі бейінді пәндер бойынша өз білімдерін жоғары дәрежеде дәлелдеп, ҚазҰУ, СДУ, ҚБТУ және т.б. жоғары оқу орындарының студенті атанды. Бұл біздің лицей үшін үлкен жетістік, ұстаздар үшін – мәртебе, ата-аналар үшін – қуаныш, түлектер үшін үлкен белес. Ұжымдағы ауызбіршілік пен ізденімпаздық, ұрпақтар алдындығы зор жауапкершілік жетістікке жеткізетіні сөзсіз.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: