«Ардақты ана, аяулы ана қымбаттым» атты іс-шара
06.03.2026ж "Ардақты ана, аяулы ана қымбаттым" тақыбында 10 «Г» сынып оқушылары мен сынып жетекшісі А.С.Збайрадинованың ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара өткізілді.
Мақсаты: Ең қасиетті бұл өмірде ана екенін сездіріп,оқушылардың танымына ой түсіру. Ел тарихында бүкіл бір халықтың анасына айналған қасиетті аналарыңыздың ұлағатты сөздерінен тәлім алып,еліміздің елдігін сақтайтын силанатын орындарға баулу және жастардың анаға деген махаббатын ояту, рухани дүниелеріне эстетикалық адамгершілік қасиет дарыту. Концерт жоғары деңгейде өткізілді. Концерт басында Лицей директоры Т.Ш.Сарыбаева әйел ұстаздарды құттықтап, жылы лебізін білдірді және Білім басқармасының басшысы, аудандық Білім бөлімінің басшысы А.О.Нуралиеваның Алғыс хатымен ұстаздарды марапаттады. Сонымен қатар 10 А сыныбы «Перзент парызы» әнін орындады, 10 Г сынып оқушылары құдаша биін биледі 10-сынып оқушылары «Ана» туралы өлең шумақтарын мәнерлеп оқыды, 6 Ә сынып оқушылары «16 қыз» биін билеп ұстаздардың көңілін көтерді. 10 «Г» ұлдары би билеп, 7 Б сыныбы «Ана» әнін орындап ұстаздардың жүрегіне жеткізіп көздеріне жас үйірді. Сондай-ақ 7-сынып оқушылары «Қазағымның қыздары», «Бозторғай Ана»әндерін орындады. 10 Г сыныбы ұстаздар арасында көңілді ойын ұйымдастырды. Ұйымдастырушы сынып 10 Г «Ана» туралы әнді хормен орындады. Кеш соңында ұстаздар ұйымдастырушы сыныпқа алғысын айтып, тілектерін жаудырды. Мерекелік кеш өте жоғалы деңгейде ұйымдастырылды деген баға берді.