Алматы қаласы Білім басқармасының
«Жамбыл Жабаев атындағы №161 лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 273-39-44
Есепші бөлімі:
+7(727) 273-82-30
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Желтоқсан – Тәуелсіздік бастауы» тақырыбында өткізілген іс-шара
11
декабрь
2025

«Желтоқсан – Тәуелсіздік бастауы» тақырыбында өткізілген іс-шара

Ж.Жабаев атындағы № 161 лицейінде «Желтоқсан Тәуелсіздік бастауы»тақырыбында өткізілген іс-шараға

Анықтама


11.12.2025 жылы «Желтоқсан – Тәуелсіздік бастауы»тақырыбында кеш ұйымдастырылды. Жауапты: ДТЖЖО: Ж.П.Амирова, тәлімгер Ж.Кекілбай, СЖӘБ жетекшісі: А.С.Абдикаимова, «Жас Ұлан» ұйымы.

Кештің басы лицей директоры Т.Ш.Сарыбаева құттықтау сөзімен басталды. Кешке қонақ ретінде «Желтоқсан қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік марапат иесі, «Тәуелсіздік» мерекелік медальдарының иегері, қоғам қайраткері Қуаңбаев Нұрлыбек Шамшатұлы, «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, Халықаралық Жамбыл сыйлығының лауреаты, «Ерен Еңбегі үшін» медалінің иегері,  лицейді 10 жылдан астам уақыт басқарған білікті басшы, қазыргі таңда №147 гимназия директоры Суранчиева Роза Махмұтқызы қатысып, бастарынан өткен  оқиғаларымен бөлісіп оқушыларға тағылымды әңгіме айтты. Кеш оқушылардың шығармашылығымен жалғасты лицей оркестрің орындауында Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйі, Құрманғазының күйі «Балбырауын», «Ер Тұран» күйлері орындалды. 10-сынып тәуелсіздікке арнап арнау оқып, 7-9 сынып оқушылары «Тәуелсіздік» компазициясыоқылды сонымен қатар Желтоқсан құрбандарын еске алып 1 минут үнсіздік жарияланды. 8 «А» сынып оқушылары қазақ биін билеп, 10-11 сынып оқушыларының «Желтоқсанның мұзда жанған алауы» көрініс қойды. 5 «Ә» сынып оқушылары «Тәуелсіздік», 8 «Ә» сынып оқушылары «Қазақ қыздары», 7-сынып оқушылары «Желтоқсан» әнін хормен орындады. «Желтоқсан оқиғасына» 39 жыл толуынына орай  5-сынып үздік оқушыларын «Жас Ұлан қырандай қарышта! Нық ұстап, елімнің байрағын» атты «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына жаңа мүшелерді қабылдау салтанатының рәсімі өткізілді.Кеш жоғары деңгейде ұйымдастырылды. 











Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: