Алматы қаласы Білім басқармасының
«Жамбыл Жабаев атындағы №161 лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 273-39-44
Есепші бөлімі:
+7(727) 273-82-30
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қош келдің, Жаңа жыл! »
25
декабрь
2025

«Қош келдің, Жаңа жыл! »

Ж.Жабаев атындағы № 161 лицей

 «Қош келдің, Жаңа жыл! » атты кештің анықтамасы

Мақсаты: оқушыларға мерекелік көңіл күй тудыру,балаларға көңілді ойындар ойнату, достық қарым-қатынас ояту, аудиторияға мерекелік көңіл күй жасау.

25.12.2025ж сағат 10:00-де 5-7 сыныптар, 25.12.2025ж сағат 14:00-де 8-11 сыныптарда «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты  жаңа жылды қарсы алу кеші өтті. Кешке қатысушылар мерекеге сай киімдер киіп, Жаңа жылдық көңіл-күйде болды. Кеш бағдарламасы бойынша сыныптардың шығармашылық топтары  ән, өлең айтып,  өз өнерлерін ортаға салды. Жаңа жылдың бас кейіпкерлері  Аяз Ата мен Ақшақарды асыға күткен кешке қатысушылар, шапалақпен ортаға шақырды. Аяз Ата шырша шамын жарқыратып, Жаңа жылға жаңа табыс тілеп, сыйлықтар берді. Оқушылар Аяз атаға өз ән айтып, би билеп сыйлықтар алды.  Жаңа жыл кешінде жылан, жылқ, гринч кейіпкерлері де өз өнерлерін көрсетіп, оқушыларға қуаныш сыйлады. 5-11 сынып оқушылары да жаңа жылдық мерекеге сай киімдер киініп, жаңа жылдық кештің сәнін келтірді.

Жалпы кешті ұйымдастырып, өткізген 10 «Б», 10 «В» сынып оқушылары Жаңа жылдық мерекенің басын «Жаңа жыл» әнімен ашты. Әсем әуеннің ырғағымен 10 және 9- сынып оқушылары вальс биін жалғастырды. Мерекелік кештің жүргізушілері, 10 «Б» сынып оқушылары Мұхан Сұлтан, Сапарғали Айым, 10 «В» сынып оқушылары Қожекенов Дәулет, Анелхан Каусар жылы тілек сөздермен кешке қатысушыларды баурап алды. Әр сынып оқушылары өлең айтып, би билеп жаңа жылға тілектер айтылды. Кеш соңында ұйымдастырушы, 10 «Б», 10 «В»  сынып оқушылары дайындаған Жаңа жылдық флешмобқа барлық залда отырғандар қатысты. Мерекелік кеш Жаңа жыл би кешімен аяқталды. Жоғары сынып оқушыларының кештері мен мерекесіне лицей әкімшілігі, мұғалімдер, ата-аналар қатысты. 







Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: