01
сентябрь
2024
«Мектебім-мейірім мекені» Білім күнінің салтанатты жиынын өткізілді.
01.09.2024ж «Мектебім-мейірім мекені» Білім күнінің салтанатты жиынын өткізілді.
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы балалардың сауатты болуына, білім алуына үлес қосқан ағартушы-ұстаз Ахмет Байтұрсынов білім арқылы ұлт мәдениетін көтеруге және тіл тазалығын сақтауға ден қойды. Ол «мұғалім балаға үйрететін нәрселерін өзі жақсы білуі, баланың табиғатын біліп, оның көңіл сарайын танитын болуы, баланың ісіне, түсіне қарап, ішкі хәлінен хабар болуы керектігін» тұжырымдаған.
Ж.Жабаев атындағы № 161 лицейінде салтанатты сап түзеу өткізілді.
Салтанатты іс-шараның мақсаты: жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында білім алушылардың бойында білімнің басымдылығы мен маңыздылығын және жағымды көңіл-күй, оң көзқарас қалыптастыру.
Сап түзеу ҚР мемлекеттің Туын салтанатты енгізу рәсімімен басталып, Гимн орындалды. Лицей директоры Суранчиева Роза Махмутқызы ұстаздар мен оқушыларды Білім күнімен құттықтап жылы лебізін білдірді. Оқушылар ән салып, би билеп өз өнерлерін көрсетті. 11-сыныптың үздік және 5-сыныптың үздік оқушылары Алғашқы қоңырауды соқты.
№161 лицей инстаграмы