Алматы қаласы Білім басқармасының
«Жамбыл Жабаев атындағы №161 лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 273-39-44
Есепші бөлімі:
+7(727) 273-82-30
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
06.10.2023 ж Ж.Жабаев атындағы 161 лицейде мұғалімдер күніне арналған "Ұстаз -ұлы есім" атты мерекелік кеш өтті.
06
октябрь
2023
06.10.2023 ж Ж.Жабаев атындағы 161 лицейде мұғалімдер күніне арналған
06.10.2023 ж Ж.Жабаев атындағы 161 лицейде мұғалімдер күніне арналған "Ұстаз -ұлы есім" атты мерекелік кеш өтті. Кешке Еңбек ардагері, 40 жылдан астам математика пәні мұғалімі болып, талай баланың шамшырағын жаққан, өмір жолына сәт сапар тілеген Майра Рабатқызы қатысты. М.Р.Мәмбетова күні кеше ғана өткен мұғалімдер съезінде ҚР Президенті Қ.Тоқаев жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" атағына ие болды. Астана қаласында Президент қолынан Төсбелгісін алып қайтты. Лицей ұжымы мен оқушылар
Аттестацияға байланысты өзгерістер мен толықтырулар жайында ақпарат берді
24
май
2023
Аттестацияға байланысты өзгерістер мен толықтырулар жайында ақпарат
Күн тәртібіндегі алтыншы мәселе бойынша директордың бейінді істер жөнiндегi орынбасары  А.М.Жазықбай сөз алды. Алдымен Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің 2022 жылғы 20 желтоқсандағы №533 бұйрығының жоба нұсқасымен таныстырды. Аттестацияға байланысты өзгерістер мен толықтырулар жайында ақпарат берді.    Аттестациядан өтуге өтініш білдірген педагогтардың тізімі мен құжаттарын педагогикалық кеңеске ұсынды.        Аттестациядан өтуге өтініш білдірген педагогтар реттілігі
"Ең үздік оқырман" кітапқұмарлар сайысы
26
апрель
2023
"Ең үздік оқырман" кітапқұмарлар сайысы
Ж.Жабаев атындағы №161 лицейде 5 және 8 сыныптар арасында "Ең үздік оқырман" кітапқұмарлар сайысы әр тоқсан сайын өткізіліп келеді. Арнайы алдын ала берілген бір көркем шығарманы сынып оқушылары түгел оқып, тәрбие сағатында пікір алмасады, талдайды. Алдын ала дайындалған тест сұрақтарына жауап береді. Бұл сайысқа ата-аналар демеушілік жасап балаларды марапаттайды. Қазақ әдебиетінің інжу маржандарымен сусындай беріңіздер.
Мәншүк Мәметованың туғанына 100 жыл толуына орай «Қаһарман қызы қазақтың» атты мерекелік іс-шара өткізілді.
26
апрель
2023
Мәншүк Мәметованың туғанына 100 жыл толуына орай «Қаһарман қызы
Мәншүк Мәметованың туғанына 100 жыл толуына орай «Қаһарман қызы қазақтың» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің маңыздылығын ұғынуларына жағдай туғызу. Ұлы Отан соғысында туған жерін қорғаған Қазақстан азаматтары туралы мәлімет беру. Аттары аңызға айналып, ерлік істері барша ұлтты таң қалдырған қазақтың батыр қызы Мәншүк Маметованың жарқын өмірі және Ұлы Отан соғысындағы ерлік істерін ұрпаққа үлгі етіп, өнеге ету. Оқушылардың бойына патриоттық
“Сыйынар ем, ана деген тәңірге!” тақырыбында мерекелік концерт өткізілді
07
март
2023
“Сыйынар ем, ана деген тәңірге!” тақырыбында мерекелік концерт
07.03.2023ж 10 Б сыныбы, жетекшісі Е.Е.Ерөскеннің ұйымдастыруымен “Сыйынар ем, ана деген тәңірге!” тақырыбында мерекелік концерт өткізілді. Мақсаты: Ең қасиетті бұл өмірде ана екенін сездіріп,оқушылардың танымына ой түсіру. Ел тарихында бүкіл бір халықтың анасына айналған қасиетті аналарыңыздың ұлағатты сөздерінен тәлім алып,еліміздің елдігін сақтайтын силанатын орындарға баулу және жастардың анаға деген махаббатын ояту,рухани дүниелеріне эстетикалық адамгершілік қасиет дарыту. Концерт жоғары
Республикалық “Математикалық регата” олимпиадасының қалалық кезеңінен Ж.Жабаев атындағы №161 лицейдің математика пәнінің мұғалімдері - I орынға ие болды
06
март
2023
Республикалық “Математикалық регата” олимпиадасының қалалық кезеңінен
06.03.2023ж. күні Республикалық “Математикалық регата” олимпиадасының қалалық кезеңінен Ж.Жабаев атындағы №161 лицейдің математика пәнінің мұғалімдері Амирхан Кибар Назирханұлы, Ерөскен Еркебұлан Ерөскенұлы, Джетписбаева Айжан Какимовна, Кунгожин Медеубек Аманкельдиевич - I орынға ие болды. Жеңістеріңіз құтты болсын!!!
Ж.Жабаев атамыздың туғанына 177 жыл толуына орай мерекелік кеш өткізілді
22
февраль
2023
Ж.Жабаев атамыздың туғанына 177 жыл толуына орай мерекелік кеш
22.02.2023ж  Ж.Жабаев атамыздың туғанына 177 жыл толуына орай мерекелік кеш өткізілді. Бүгінгі кеш, басқа кештерден өзгеше, өйткені қазақ «Сөз қадірін - өз қадірім» деп білген халық. Кеңдігін де, елдігін де кемеңгерлігі мен көсемдігін де, сөзге сыйғызған халық. Бітпес даудың, бәтуасыз шудың кесімі де, шешімі де сөз болған. Сондықтан да сөзден өткен күш, сөзден өткен құдірет жоқ. Сондай даралық сөз тудырған, суырып салма ақынымыз Жамбыл Жабаевтың туғанына биыл 177 жыл толды. Жамбыл Жабаевтың
Республикалық "Мағжан оқулары" ғылыми-шығармашылық байқауының Медеу аудандық кезеңінде
08
февраль
2023
Республикалық "Мағжан оқулары" ғылыми-шығармашылық байқауының Медеу
08.02.2023ж. күні 7-11 сынып оқушылары арасында өткен республикалық "Мағжан оқулары" ғылыми-шығармашылық байқауының Медеу аудандық кезеңінде 8 "б" сынып оқушысы Қызайбай Шұғыла "Ақында бір бала ғой айға ұмтылған..." атты номинациясынан - III орын, 9 "а" сынып оқушысы Бекжан Арай "Өлең - менің Шолпаным, Айым, Күнім" атты номинациясы бойынша - II орын, 9 "а" сынып оқушысы Худайбергенова Алия "Жасынан оқу оқып, өнер қуған..." атты номинациясы бойынша - II орын иеленді. Жеңістеріңіз құтты болсын!  
2023 жылдың 13-18 ақпан аралығында Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінен орын және грамота алған оқушылар:
20
январь
2023
2023 жылдың 13-18 ақпан аралығында Жалпы білім беретін пәндер бойынша
2023 жылдың 13-18 ақпан аралығында Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінен орын және грамота алған оқушылар:                                                                                      9 «ә» - Омарғазы Нұрғиса - Физика пәнінен - I орын 10 «ә» - Бейсбаева Дана - Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен - I орын 10 «б» - Омарова Сара - Химия пәнінен - II орын 10 «ә» - Ешмағамбет Зарина - Орыс тілі мен әдебиеті пәнінен - II