26
апрель
2023
"Ең үздік оқырман" кітапқұмарлар сайысы
Ж.Жабаев атындағы №161 лицейде 5 және 8 сыныптар арасында "Ең үздік оқырман" кітапқұмарлар сайысы әр тоқсан сайын өткізіліп келеді. Арнайы алдын ала берілген бір көркем шығарманы сынып оқушылары түгел оқып, тәрбие сағатында пікір алмасады, талдайды. Алдын ала дайындалған тест сұрақтарына жауап береді. Бұл сайысқа ата-аналар демеушілік жасап балаларды марапаттайды. Қазақ әдебиетінің інжу маржандарымен сусындай беріңіздер.

